Комьпютердің миы
Ойынның форматы
«Тапқыр достар» — 7-сыныпқа арналған информатика бойынша танымдық ойын. Ойында екі топ және екі ойыншы болады. Қалаған жағдайда көрермендер де ойыншы ретінде қатыса алады.
Жеребе арқылы қай топтың бірінші бастайтыны анықталады.
Таныстыру
Әр топ өздерін жеке таныстырады. Топтың ұраны мен әні болуы мүмкін. Таныстыруды ән айту арқылы да, образға еніп қысқаша қойылым ретінде де ұсынуға болады — бұл топтың өз таңдауында.
1) «Сөз тапқанға»
Уақыт
3 минут
Мақсат
Әріпке сай жауаптарды жылдам табу
Әріп: А
-
Сұрақ: Латынның «түсіндіру», «баяндау», «мәлімет» деген ұғымдарын білдіретін information сөзінен шыққан бұл қандай сөз?
Жауап: Ақпарат
-
Сұрақ: 1846 жылы Чарльз Бэббидждің машинасына программа жазған кім?
Жауап: Ада Лавлейс
-
Сұрақ: Көзің шаршағанда не істейсің?
Жауап: Айқайлаймын
-
Сұрақ: Жүйелік блоктың ішінде орналасатын құрылғы?
Жауап: Аналық тақша
-
Сұрақ: Интернет өз тарихын 30–35 жыл бұрын қандай компьютерлік желіден бастады?
Жауап: ARPANET
-
Сұрақ: Қарапайым калькулятормен қандай амалдар орындауға болады?
Жауап: Арифметикалық
-
Сұрақ: «Іске қосу → Барлық программалар → Microsoft Office → …» жолымен ашылатын, А әрпінен басталатын программа?
Жауап: Access
-
Сұрақ: Вирусқа қарсы күрес құралы?
Жауап: Антивирус
-
Сұрақ: Paint графикалық редакторында сурет салу алаңы қандай?
Жауап: Алақандай
-
Сұрақ: F1 пернесі қандай қызмет атқарады?
Жауап: Анықтама (Help)
-
Сұрақ: Қажет емес құжаттарды не істеуге болады?
Жауап: Алып тастауға
Әріп: П
-
Сұрақ: Компьютердің «миы»?
Жауап: Процессор
-
Сұрақ: Графикалық редактор (сурет салуға арналған)?
Жауап: Paint
-
Сұрақ: Керекті құжаттарды іздеу?
Жауап: Поиск
-
Сұрақ: Ақпаратты қағаз бетіне басып шығару құрылғысы?
Жауап: Принтер
-
Сұрақ: Компьютердің алдында отырсың, бірақ компьютерде қызық ештеңе жоқ. Не істейсің?
Жауап: Пирог жеймін
-
Сұрақ: «Менің компьютеріме меннен басқа ешкім кірмесін». Не істейсің?
Жауап: Пароль қоямын
-
Сұрақ: Информатика сабағында мұғалім сұрай береді, ал мен…
Жауап: «Пасьянс Паук» ойынын ойнағым келеді
-
Сұрақ: Қағазға басып шығару үшін қандай әрекеттер орындалады?
Жауап: Файл → Печать
-
Сұрақ: Компьютерлік вирустарды қалай жоясың?
Жауап: Пішімдеймін
-
Сұрақ: Компьютерің ластанып қалды. Немен сүртесің?
Жауап: Полотенцамен
Әріп: Т
-
Сұрақ: Болашақта кім болғың келеді?
Жауап: Тракторист
-
Сұрақ: Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ?
Жауап: Терезе
-
Сұрақ: Сенің үйіңде не көп?
Жауап: Тышқан
-
Сұрақ: Вирустар компьютеріңде жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Сенің әрекетің?
Жауап: Тебемін
-
Сұрақ: Адам қабылдайтын ақпарат екіге бөлінеді: бейнелі және…
Жауап: Таңбалы
-
Сұрақ: Мәтінді оң және сол жақ шеті бойынша дұрыстап жазу?
Жауап: Туралау
-
Сұрақ: Нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер?
Жауап: Таңбашалар
Әріп: Б
-
Сұрақ: Сканердің түрі?
Жауап: Барабанды
-
Сұрақ: Esc пернесі қандай қызмет атқарады?
Жауап: Болдырмау
-
Сұрақ: Шаршағанда қандай жаттығу жасайсың?
Жауап: Білеймін
-
Сұрақ: Қара түсті ағылшынша қалай атайды?
Жауап: Black
-
Сұрақ: Өте шағын мәтіндік редактор, жұмыс істеуі үшін аз ғана жад қажет. Бұл?
Жауап: Блокнот
Әріп: Ж
-
Сұрақ: Деректерді өңдеуді және қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз ететін құрылғы?
Жауап: Жүйелік блок
-
Сұрақ: Вирустармен қалай күресесің?
Жауап: Жеймін
-
Сұрақ: Интернет не үшін қажет?
Жауап: Жұмыс жасау үшін
-
Сұрақ: Желілік ақпараттық технологиялар екіге бөлінеді. Ата.
Жауап: Жергілікті және жалпы желі
-
Сұрақ: Сенің жасың нешеде?
Жауап: Жетіні екіге көбейтіп қара
Әріп: С
-
Сұрақ: WordPad-та мәтінді сақтау үшін қандай әрекеттер орындалады: «Файл → …»?
Жауап: Сохранить как
-
Сұрақ: Енгізу құрылғысы?
Жауап: Сканер
-
Сұрақ: Бос уақытыңда немен айналысасың?
Жауап: Сурет салам
-
Сұрақ: Paint, калькулятор, блокнот программаларын ашу үшін қай команданы таңдаймыз?
Жауап: Стандартные
-
Сұрақ: Ақпарат жіберу дегеніміз не?
Жауап: Сигналдар тізбегін жеткізу
-
Сұрақ: Компьютердің жанына кактус гүлінен басқа тағы не қоюға болады?
Жауап: Сағат
2) «Ойлан тап»
Экранда «Информатика» сөзі шығады. Сол сөздің әр әрпіне сәйкес келетін сөздер құрастыру керек.
3) «Сен білесің бе?»
Экранда ұяшықтар ашылады. Әр топ ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді. Егер жауап берілмей қалса, ұпай жүргізушіде қалады.
Сұрақтарды видео форматында да ұсынуға болады.