Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі

Педагогика

Сабақтың тақырыбы

Эстетикалық тәрбие және дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы сұлулық, сымбат және дене тәрбиесінің мәні.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік мақсаты

Эстетикалық тәрбие туралы түсінік қалыптастыру; эстетикалық тәрбиенің тарихы, мақсаты, міндеттері, компоненттері және ұлттық өнердегі алатын орны туралы жүйелі ақпарат беру.

2) Дамытушылық мақсаты

Студенттердің өз көзқарасын еркін жеткізуін, бірін-бірі тыңдай білуін, талғампаздығын, байқағыштығын, ізденімпаздығын, мақсатқа ұмтылушылығын және қарым-қатынасқа тез түсе білуін дамыту.

3) Тәрбиелік мақсаты

Студенттерді ұйымшылдыққа, сұлулықты бағалауға, мәдениеттілікке, қайырымдылыққа, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс
Психология, этнопедагогика
Көрнекілігі
Слайдтар, карточкалар, үлестірмелі парақшалар

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау
  • Ойлаудың анализ, синтез, салыстыру тәсілдері
  • Ойша қорытудың түрлері: индукция, дедукция
  • Проблемалық-визуалды әдіс
  • Түртіп алу әдісі
  • Еркін жазу стратегиясы

Сабақтың құрылымы

  1. I

    Теориялық білім беру

    20 минут

  2. II

    Шығармашылық тапсырмалар

    Эссе және өзін-өзі тану жаттығулары

  3. III

    Практикалық жұмыстар

    Қорытындылау және талқылау