Атақты айтыскер ақындар

Сабақ туралы

Пән

Әдебиеттік оқу, 4-сынып

Сабақтың тақырыбы

«Аяз бен Қыдыр» (айтыс)

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Түрі

Сайыс сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Топпен жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Айтыс туралы білімін кеңейту; өлеңнің мазмұнын түсініп, негізгі ойын аша білуге үйрету.

Дамытушылық

Әдеби шығарманы мазмұндау, кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы көркем әрі шебер сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін таныта отырып, табиғатты сүюге және құрметтеуге баулу.

Айтыс туралы қысқаша мәлімет

Айтыс — халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Бұл — ой жарысы, сөз сайысы, көркем кестелі тілдің үлгісі әрі қолма-қол тауып айту шеберлігін танытатын өнер.

Айтыстың түрлері

  • Бәдік айтыс
  • Жар-жар
  • Жұмбақ айтыс
  • Мақал айтыс
  • Қыз бен жігіт айтысы

Айтыскер ақындар

Атақты айтыскерлер:

Біржан, Сара, Жамбыл, Құлманбет, Шөже.

Қазіргі айтыскерлер:

Ринат Зайтов, Аманжол, Айнұр, Әсия Беркенова.

Қызылордалық айтыскер ақын Мұхтар Ниязов ақындар айтысында «Алтын домбыра» жүлдесін жеңіп алған.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу, сабаққа қызығушылығын арттыру.
  • Сыныпты екі топқа бөлу: I-топ — Қыс, II-топ — Көктем.

II. Үй тапсырмасын тексеру

М. Қуанышбековтың «Өкініш» әңгімесі бойынша екі топтан екі оқушы мазмұндайды. Топтардың жауаптары домбыра арқылы бағаланады (жиналған домбыра саны — ұпай).

Ширату сұрақтары — I-топ

  1. Ар-ұят туралы өлеңнің авторы кім? — Ж. Молдағалиев
  2. «Ас қадірін білмесең, ашаршылық берсін жазаңды» деген сөз кімге қатысты? — Диқан баба

Ширату сұрақтары — II-топ

  1. Осы бөлімде С. Торайғыровтың қандай өлеңін өттік? — «Шығамын тірі болсам адам болып»
  2. «Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?» деген жолдар қай шығармада кездеседі? — «Өкініш»

Үй тапсырмасы бекітіліп, қысқаша қорытындыланып бағаланады.

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылығын ояту

Сандық сөзжұмбақ: сандарды өсу ретімен жазу.

4206 · 4488 · 2574 · 5 · 201 · 3671

Шешуі: АЙТЫС

Қосымша жұмбақтардың жауабы арқылы бүгінгі айтысатын кейіпкерлер анықталады: I-топ — Қыдыр, II-топ — Аяз.

2) Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

«Аяз бен Қыдыр» айтысын оқу. Екі топтан екі оқушы шығып оқиды.

Тапсырма — I-топ (Аяз)

Аяз адамдарға қандай ескерту жасады?

Тапсырма — II-топ (Қыдыр)

Өлеңдегі аязға қарама-қарсы кейіпкер кім? Ол туралы әңгімеле.

Дәптермен жұмыс

«Табиғатта жаман кезең болмайды» тақырыбында эссе жазу. Жазып болған оқушылар өз жұмыстарын оқиды.

Сергіту

«Біздің сыныпта айтыскер ақындар бар ма?» — екі топтан екі оқушы шығып, шағын айтыс ұйымдастырады.

3) Ой толғау (сұрақ)

Қатал Аяз неліктен жібіді?

  1. A) Көктемнің келуінен
  2. Ә) Қыдырдан ұялғанынан
  3. Б) Адамдарды ұнатпағандықтан

IV. Қорытынды

  • Екі топ жинаған «домбыра» ұпайларын санау.
  • Сабақты қорытындылау, топтардың жұмысын бағалау.
  • Жеңімпаз топты анықтау, мадақтау.

V. Үйге тапсырма

«Аяз бен Қыдыр» айтысын оқып келу.