Интерактивті тақта, слайдтар бағалау парағы

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Бұл сабақ екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі тақырыбы бойынша есептер шығаруға арналған (слайдтар арқылы).

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі бойынша есептер шығару (слайдтармен).

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Бағалау парағы

Сабақтың мақсаты

Білімдік мақсат

  • Тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету, жинақтау және жүйелеу.
  • Есептер шығару арқылы білім, білік және дағды негіздерін қалыптастыру.

Дамытушылық және тәрбиелік мақсат

  • Ізденушілік пен логикалық ойлау қабілетін, белсенділік пен шығармашылық ойлауды дамыту.
  • Танымдық қызығушылықты арттыру.
  • Ой еңбегіне баулу, өз бетінше жұмыс істеуге және өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын және оқу құралдарының дайындығын түгендеу.
  • Сабақта психологиялық әдіс қолдану.

Өткен тақырыптарды еске түсіру

“Көкейге қонған математика табысы түбінде өмірден өз орнын табады.”

М. Өтелбаев

Топқа бөлу

Сынып үш топқа бөлінеді:

Талапкер

Зерделі

Үміткер