Қолдану кезеңі
Сабақтың тақырыбы
«Еліктің лағы» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты
Жануарларға қамқорлық жасау туралы түсінік қалыптастырып, оқушыларды мейірімділікке және қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Негізгі идея
- Оқушының жаңа ойлау дағдыларын, тәсілдерін және әрекет ету мәнерін қалыптастыруға ықпал ету.
- Оқушының өмірлік тәжірибесіне, бұрыннан білетін біліміне сүйену.
Оқытудың нәтижелері
- Оқушының шығармашылық әлеуетін дамытуға қолайлы жағдай жасау және өз әрекетіне талдау жасай білу.
- Орындаған тапсырмаларына сүйеніп, салыстыру арқылы ой қорыту.
- Шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын арттыру және жүйелі түрде баулу.
- Жаңа сабақ бойынша оқушының қызығушылығы мен ізденісін белсендіру.
Тапсырмалар
Ой қозғау
Тақырыпқа байланысты бастапқы ойларды белсендіру.
Негізгі идеяны суреттеу
Оқиғаның мәнін көрнекі түрде түсіндіру.
Сұрақ қою
Мәтінді терең түсінуге жетелейтін сұрақтар құрастыру.
Салыстыру кестесі
Оқиға кейіпкерлерін және әрекеттерін салыстыру.
Көрнекілік стратегиялары
Венн диаграммасы, ассоциация, зерттеу және шолу тәсілдері арқылы ойды жүйелеу.
Сабақтың барысы (мұғалімнің іс-әрекеті)
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру.
- Сабақты позитивті көңіл күймен бастау.
- Үй жұмысын тексеру: «Ыстық орындық» әдісі.
II. Қызығушылықты ояту
1) «Ойлан, тап» ойыны
Оқып, шешу арқылы тақырыпқа кіріспе жасау.
2) «Адасқан сөздер» ойыны
Тақырыпқа байланысты тыйым сөздердің дұрыс ретін тауып, мағынасын ашу.
Соңында жаңа сабақтың тақырыбы хабарланып, қысқаша таныстырылады.
III. Мағынаны тану
Мәтін бойынша ауызша баяндалған ролик интерактивті тақтадан көрсетіледі.
1) Білу кезеңі: «Миға шабуыл»
- Ауа райы қандай еді?
- Жолмен келе жатқан кім?
- Ол неге мылтықты қолға алды?
- Неге ызаланды?
- Түймебай елікті неге атпады?
2) Түсіну кезеңі: ой қозғау (топтық жұмыс)
А) «Іздеуші» топ
Мәтінге сүйеніп, аңшының неліктен ызаланғанын және неліктен көңілденгенін анықтаңдар.
Ә) «Бейнелеуші» топ
Мәтіннен аңшының сыртқы бейнесі сипатталған тұсты тауып, дауыстап оқыңдар.
Б) «Сөз тапқыш» топ
Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді тауып, түсіндіріңдер.
3) Қолдану кезеңі
Аңшыға мінездеме беру (дәлел келтіре отырып).