Қазақ тілінде сөз табы нешеу
Ұйымдастырушы туралы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нұргүл Қайыржанқызы 10-сынып оқушыларына арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» танымдық ойынын ұсынады.
Ойынның мақсаты
1) Білімділік
Қазақ тілінен алған білімді тексеру, тіл мәртебесін көтеру.
2) Дамытушылық
Ойлау, есте сақтау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын жинақтап тұжырымдай білуге үйрету.
3) Тәрбиелік
Туған тілді сүюге, көрермен алдында өзін дұрыс ұстауға, мәдениеттілікке және ойды нақты жеткізуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Ойын белгілері
I. Кіріспе
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін мектепішілік тіл мерекесіне орай 10-сынып оқушылары арасында өткізілетін «XXI ғасыр көшбасшысы» танымдық ойынына қош келдіңіздер. (Сайыскерлерді ортаға шақырамыз.)
Көшбасшы болу — өз заманының, өз ортасының білімді де білікті, жан-жақты дамыған, беделді азаматы болу. Бүгінгі сайыста ана тіліміз бен әдебиетімізге қатысты сұрақтармен қатар, жекелеген пәндерден қосымша тапсырмалар да ұсынылады.
Сайыс арқылы өз тілін, әдебиетін терең білетін, ана тілін құрметтейтін оқушылардың арасынан үміт күттірер қазақ тілінің жанашыр көшбасшысын анықтауды мақсат етеміз.
II. Әділқазылар алқасы
Әділқазылар құрамы (толтыруға арналған орын):
- ____________________________
- ____________________________
- ____________________________
III. Ойын шарты
Ойынға 10 «А» сыныбынан 9 оқушы қатысады. Қатысушылар алдымен өздерін таныстырады.
Ойын 5 кезеңнен тұрады. Сұраққа жауап беруге дайын болғанда, алдарыңыздағы белгіні көтересіздер. Баршаңызға сәттілік!
I кезең — «Бәйге»
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Жауап нақты әрі жылдам болуы тиіс.
Ереже
Дайын оқушы белгісін көтереді.
-
1. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4: көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
-
2. Тіл байлығын зерттейтін сала: лексика.
-
3. Антоним дегеніміз не? (Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.)
-
4. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? (42 әріп, 36 дыбыс.)
-
5. Абайдың неше қара сөзі бар? (45.)
-
6. Сөз құрамы неден тұрады? (Түбір, қосымша.)
-
7. Қазақ тілінде сөз табы нешеу? Атаңыз.
-
8. Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? (6: есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік, топтау, болжалды.)
-
9. Қазақ тіл білімінің атасы кім? (А. Байтұрсынұлы.)
-
10. Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы: есімдік.
II кезең — «Жалғастыру»
Өлеңнің алғашқы екі жолы оқылады. Қатысушы өлеңді ары қарай жалғастырып айтып, өлеңнің аты мен авторын көрсетуі керек. Әр жауапқа 10 ұпай беріледі.
1-тапсырма
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Жауабы: Ы. Алтынсарин — «Өзен».
2-тапсырма
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Жауабы: Абай — «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».
3-тапсырма
Құлагер, шешең — сұңқар, әкең — тұлпар.
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.
Сен өлсең орның босар көк бесті бар,
Болады құдай қосса, ол да тұлпар.
Жауабы: Ақан сері — «Құлагер».
4-тапсырма
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмады,
Бір қан, бір май боп енді екі ұртың.
Жауабы: Абай — «Қалың елім, қазағым…».
5-тапсырма
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Жауабы: Абай — «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
Ескерту: ұпай саны ең аз 2 оқушы ойыннан шығады.