Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең

Орал қаласы, №33 орта жалпы білім беретін мектеп

Математика пәні мұғалімі: Билялова Жазира Касимовна

Математикалық турнир

Бұл турнирдің басты мақсаты — оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қабілеттерін айқындау, белсенділігін арттыру және ұйымшылдықпен жұмыс істеуге баулу. Сонымен қатар, халқымыздың асыл қазынасын дәріптеу, жылдамдық пен ширақтыққа тәрбиелеу көзделеді.

Ой-өріс Тапқырлық Жылдамдық Ұйымшылдық

Жоспар

  1. 1.Ұйымдастыру
  2. 2.«Кім көп біледі?»
  3. 3.Логикалық есептер
  4. 4.Мақал-мәтелдер
  5. 5.«Есепке кім жүйрік?»
  6. 6.Қорытындылау

Өту барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды топқа бөлу
  • Топ атауларын анықтау
  • Әділқазылар алқасын сайлау

2) «Кім көп біледі?» сайысы

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,

Асып-тасып, асықпа — қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

Әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Жауаптың дұрыстығымен бірге жылдамдық та есепке алынады.

I топ — сұрақтар мен жауаптар

  1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?
    Жауабы: диаметр
  2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең?
    Жауабы: 1
  3. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан?
    Жауабы: 0
  4. 9-ға қарама-қарсы сан?
    Жауабы: −9
  5. −99, 9 және 1 сандарының қайсысы үлкен?
    Жауабы: 9
  6. 0-ден үлкен сандар қалай аталады?
    Жауабы: оң сандар

II топ — сұрақтар мен жауаптар

  1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
    Жауабы: 0
  2. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді?
    Жауабы: радиус
  3. |−10| мен 1-дің қайсысы үлкен?
    Жауабы: 10
  4. Екі санның қатынасы қалай аталады?
    Жауабы: пропорция
  5. 0-ден кіші сандар қалай аталады?
    Жауабы: теріс сандар
  6. Ең үлкен уақыт өлшемі?
    Жауабы: ғасыр

3) Логикалық есептер

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз — жеңістерге бастаймыз.

I топ — тапсырмалар

  1. 7 жұмыртқа 7 теңге болса, 100 жұмыртқа неше теңге тұрады?
    Жауабы: 100 теңге
  2. 1 т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма?
    Жауабы: екеуі де бірдей
  3. 4 827 105 санынан үш цифрды сызып тастап, ең кіші сан шығарыңдар. Қандай сан шығады?
    Жауабы: 2 105
  4. Сандар қатарындағы келесі санды тап: 20, 21, 23, 24, 26, 27, …
    Жауабы: 29
  5. Квадрат үстелді айнала 4 адам отыра алады (әр жағына бір-бірден). Осындай 7 үстелді жалғап, бір қатарға қойды. Ұзын үстелді айнала қанша адам отыра алады?
    Жауабы: 16 адам
  6. Дүкенде 16 кг, 17 кг және 40 кг қораптарда кәмпит бар. Қораптарды ашпай-ақ Аяз ата 50 кг кәмпит сатып ала ала ма?
    Жауабы: болады (16 + 17 + 17 = 50)

II топ — тапсырмалар

  1. Үш түрлі санды алдымен қосты, кейін көбейтті. Қосындысы көбейтіндісіне тең болды. Ол қандай сандар?
    Жауабы: 1, 2, 3 (1+2+3 = 1×2×3 = 6)
  2. Студент сағат 22:00-де жатып, шырылдайтын сағатын келесі күні 12:00-де оянатындай етіп қойды. Сағаты шырылдағанша қанша сағат ұйықтайды?
    Жауабы: 2 сағат (12 сағаттық қоңырау сағаты болса)
  3. Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
    Жауабы: 50 саусақ
  4. Ит түйеден 10 жыл аз, ал түйе есектен 20 жыл аз жасайды. Егер есек 50 жыл жасаса, ит пен түйе неше жыл жасайды?
    Жауабы: түйе — 30 жыл, ит — 20 жыл
  5. Қатардың заңдылығын тап: 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12, …
    Жауабы: 10

4) Мақал-мәтелдер сайысы

Ал, балалар, балалар,

Мақал-мәтел айтайық.

Қиындыққа қайыспай,

Асулардан өтейік.

Тапсырма: төртбұрыштың (□) орнына сан қойып, мақалды дұрыс оқыңдар.

5) «Есепке кім жүйрік?» сайысы

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де — есеп.

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де — есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ақ,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Берілген тапсырмаларды барлық оқушы орындайды. Негізгі мақсат — дәлдік пен жылдамдық.

Тапсырма 1: жұлдызшаның орнына сан қойып, көбейтуді орында

* 2 * 2
7 3 6 *
8 * * *
* * * *
* * * *
* * * *

Тапсырма 2: төрт таңбалы сандар құрастыру

0, 1, 2, 3 цифрларынан (цифрлар қайталанбайды) барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы: 3201 және т.б. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасы: 3210 − 1023 = 2187.

6) Қорытындылау

Әділқазылар алқасына сөз беріледі: қорытынды жасалып, жеңімпаз топ анықталады және қатысушылар марапатталады.