Microsoft Power Point программасын қорытындылау
Сабақтың тақырыбы
Microsoft PowerPoint программасын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты
- Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Оқушылардың шеберлігін және тапқырлығын бақылау.
Сабақтың түрі
Білімді қорытындылау.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1-кезең«Көкпар» ойыны: сынып 2 топқа бөлініп, бір-біріне өткен сабақтар бойынша сұрақтар қояды. 1-топ — «Принтер», 2-топ — «Сканер». Екі топтың басшысы сұраққа жауап берген оқушыларды бағалайды.
Шығармашылық кезең
2-кезеңӘр топ белгілі бір тақырыпта слайд дайындап, оны таныстырады және қорғайды.
Өзін-өзі тексеру
3-кезеңӘр топқа 5 сұрақтан тұратын тест беріледі. Тесті топ басшылары жинап алып тексереді: әр топтың басшысы қарсылас топтың тестін тексереді.
Тест сұрақтары (5)
-
Автомазмұн шеберінің бірінші қадамында қандай әрекет орындалады?
- A)Презентацияның түрі және жалпы тақырыптық бағыты таңдалады.
- B)Презентацияны көрсету тәсілдері таңдалады.
- C)Презентацияны шығару материалының форматы таңдалады.
- D)Қосымша мәліметтер енгізіледі: презентацияның тақырыбы, слайдта жазылатын мәліметтер.
-
Слайдтар режимі қандай мүмкіндік береді?
- A)Презентацияның барлық слайдтары терезеде тізбектеліп орналасады.
- B)Презентацияның тек мәндік мазмұнын көрсетеді.
- C)Презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы.
- D)Беттерге ескертпе және қосымша материалдар жазуға мүмкіндік береді.
-
Бетке ескертпе жазу режимі қандай мүмкіндік береді?
- A)Презентацияның барлық слайдтары терезеде тізбектеліп орналасады.
- B)Презентацияның тек мәндік мазмұнын көрсетеді.
- C)Презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы.
- D)Беттерге ескертпе және қосымша материалдар жазуға мүмкіндік береді.
-
Анимация эффектілері дегеніміз не?
- A)Мәтін элементтерін жеке-жеке әртүрлі эффектімен шығару.
- B)Нысанның (объектінің) жеке элементтерін әртүрлі эффектімен шығару.
- C)Нысанды әртүрлі эффектімен шығатындай параметр тағайындау.
- D)Слайдтарды тізбектеп қатар орналастыру.
-
Анимациялық эффектілерді қосу әрекеті қалай орындалады?
- A)«Слайдты көрсету» мәзірі арқылы «Анимация қосу» командасын орындау арқылы.
- B)Слайдтағы нысанның жанама мәзірі арқылы «Анимацияны баптау» командасын орындау арқылы.
- C)Саймандар тақтасындағы «Анимациялар эффектілері» батырмасының көмегімен.
- D)Құрылымдық режимге өтіп, «Слайдты көрсету» мәзірі арқылы «Анимация қосу» командасын орындау арқылы.
Жарнама
4-кезеңPowerPoint программасында 1 минуттық ролик дайындалады. «Принтер» тобы — компакт-дискіні, ал «Сканер» тобы — флешканы жарнамалайды.
Бағалау
5-кезеңӘр топтың басшысы бағалау парағын толтырып, қарсы топтың әр мүшесіне өз бағасын хабарлайды.