Сен досыңа сыйлық дайында

Сабақ тақырыбы: Туған күн

Бұл сабақта оқушылар тапсырмалар арқылы тақырыпты меңгеріп, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Жұмыс барысында ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын дамытуға және әдептілік пен мәдениеттілікке тәрбиелеуге ерекше мән беріледі.

Мақсаты

  • Тақырыпты меңгерту, тапсырмалармен жүйелі жұмыс жасау.
  • Ой-өрісін және сөздік қорын дамыту.
  • Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша

Әдісі
Түсіндірмелі
Түрі
Аралас
Типі
Жаңа білім беру
Көрнекілігі
Суреттер, қима қағаздар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды тақта алдына шақырып, төмендегі сұрақтар арқылы әңгіме бастау:

  1. Қазір қай мезгіл?
  2. Қыста ауа райы қандай болады?
  3. Қыс айларын атаңдар.
  4. Бүгін қай күн?
  5. Бүгін, 16 ақпан күні, сыныбымызда екі мереке бар. Ол қандай мерекелер?

Оқушылар жауап бергеннен кейін: «Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, Еркежан мен Ираны туған күнімен құттықтайық!»

Оқушылар: «Құттықтаймыз!»

II. Үй тапсырмасын тексеру

5-тапсырма: сөйлем құрау.

III. Жаңа сабақ

Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Әр топқа екі ақ парақ және гүл жапырақшалары таратылады. Әр тапсырманы орындаған сайын оқушылар гүл жапырақшаларын жапсырып отырады. Сабақ соңында дайын гүл туған күн иелеріне сыйға тартылады.

1) Кітаппен жұмыс

187-бет: сөздікті оқып, сөйлемдер құрау. Әр топ берілген екі сөзге сөйлем құрайды.

2) 1-тапсырма

Мәтінді оқып, аудару.

3) 2-тапсырма

Сурет бойынша әңгіме құрау.

4) Ойын: «Мен не сыйлаймын?»

Мұғалім бір әріпті көрсетеді, ал оқушылар сол әріптен басталатын сыйлық атауын ойлап табады.

Мысал

А әрпі: «Мен досыма айна сыйлаймын.»

Әріптер: А, К, М

5) 3-тапсырма

Үлгі бойынша айт: «Досыңа не сыйлайсың?»

  • Кітапфломастер
  • Телефонгүл
  • Қаламойыншық

Үлгі сөйлем

Мен досыма кітап сыйлаймын.

6) 4-тапсырма

Сөйлемдерді аяқтап жаз:

  • Мен досыма сыйлық дайында…
  • Сен досыңа сыйлық дайында…
  • Ол досына сыйлық дайында…

7) 5-тапсырма

Диалогты оқу.

8) «Өзім туралы» шағын әңгіме

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өздері туралы әңгіме құрайды: аты-жөні, туған күні, қандай сыйлық ұнайтыны.

IV. Сабақты бекіту

Оқушыларға сөздер беріледі. Олар сөздерді дұрыс ретпен құрастырып, құттықтау сөйлемін жасайды:

1-нұсқа

Еркежан, туған, күніңмен.

2-нұсқа

Ира, туған, күніңмен.

Оқушылар кезекпен тақта алдына шығып, сабақ барысында жасаған сыйлықтарын туған күн иелеріне табыстайды. Сынып болып құттықтау айтылады.

V. Үйге тапсырма

1-тапсырма: мәтіннің мазмұнын түсіндіріп айту.

VI. Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, топтық жұмысқа қатысуы және сөйлеу белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.