Шығармалардың көркем тілін білу, сөз саптау ерекшелігіне баса назар аудару
Сабақтың тақырыбы
Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудағы ізденістер мен нәтижелер.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Зейнолла Шүкіровтің өмірі мен шығармашылығының маңызы туралы түсінік беру; шығармалардың көркемдік ерекшелігін талдай білуге үйрету.
Дамытушылық
Сұрақтар, тапсырмалар және ізденіске негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен орындауға дағдыландыру; жаңа технологиялық үрдістерге сай әрекет ете білуін дамыту; өз пікірін сенімді, дәлелді әрі тұжырымды жеткізуге үйрету.
Тәрбиелілік
Оқушы бойында адамгершілік, ізеттілік, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру; туған елін және ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Зерттеу сабағы.
Әдісі
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Зерттеу
- Талдау
Көрнекілігі
- Ақынның портреті
- Интерактивті тақта
- Шығармалары
- Ақын туралы естеліктер
- Қазақстан картасы
- Тірек сызба
Пәнаралық байланыс
Тарих.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Жаңа сабақ
Кіріспе
Бүгінгі зерттеу сабағымызда нені ескеруіміз керек? Осы сұрақты негізге ала отырып, төмендегі талаптарды басты назарда ұстау қажет.
-
1
Оқушының ақын шығармаларын алдын ала оқып келуі.
-
2
Қойылған сұрақтар мен берілген тапсырмаларға нақты жауап беруі.
-
3
Шығармалардың көркем тілін тану, сөз саптау ерекшелігіне ерекше мән беру.
-
4
Ақынның тіл шеберлігін нақты мысалдар арқылы дәлелдей алу.