Метан қатарындағы көмірсутектердің гомолог қатары

Алкандар тарауы бойынша есептер шығару

Бұл сабақ алкандар тарауы бойынша өтілген материалды жүйелеуге және есеп шығару арқылы білімді бекітуге арналған. Оқушылар алкандардың құрылысы, гомологтық қатары, алыну жолдары, қасиеттері мен қолданылуын қайталап, есептерді талдау және тиімді тәсілді таңдау дағдыларын жетілдіреді.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: өтілген тақырыптар бойынша білімді есептер шығаруда қолдану қабілетін дамыту, пәндік білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
  • Дамытушылық: есептің мазмұнын түсіну, талдау және қажетті тәсілді таңдау дағдыларын жетілдіру.
  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа, уақытты бағалауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі
Қайталау
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, есептеу
Көрнекілігі
Слайдтар, дидактикалық үлестірме, тест тапсырмалары

Негізгі идея

Теорияны қысқа қайталау → түсінікті сұрақтар → есептер арқылы бекіту → нәтижені бағалау парағы арқылы бақылау.

Ескерту: сабақ басында әр оқушыға бағалау парағы үлестіріледі.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру

  2. II. Сабақтың мақсатын қою

    Қайталау + есеп шығару

    Алкандардың құрылысы, гомологтық қатары, алынуы, қасиеттері және қолданылуын қайталау арқылы есептер шығару.

  3. III. Үй тапсырмасын қайталау

    А) «Ой қозғау» — 1 балл

    Сұрақтар (1 балл)

    1. 1 Гомологтар дегеніміз не?
    2. 2 Метан қатары көмірсутектерінің гомологтық қатарын атаңдар.
    3. 3 Пентан молекуласынан біріншілік, екіншілік, үшіншілік көміртек атомдарын көрсетіңдер.
    4. 4 Метанның молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын жазыңдар.
    5. 5 Метан молекуласының кеңістіктік пішіні қандай?
    6. 6 Метан молекуласындағы байланыс бұрыштары неше градусқа тең?
    7. 7 Алкандардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.
    8. 8 CH3Cl (хлорметан) қайда қолданылады?
    9. 9 CCl4 (тетрахлорметан) қайда қолданылады?
    10. 10 Детонация дегеніміз не?
  4. IV. Білімді жан-жақты тексеру

    Практика және есептер

    Ә) Нұсқау карточкасымен жұмыс (1 балл)

    Оқушылар берілген нұсқау карточкасы бойынша тапсырмаларды орындайды (қысқа жауап, формула, теңдеу).

    Б) «Білім инемен құдық қазғандай» (2 балл)

    Төмендегі тапсырмалар есептеулер мен түрлендірулерді қамтиды.

    1) Айналымдарды жүзеге асыру:

    • C → CH4 → CH3Br → C2H6 → CO2
    • Метан → хлорметан → бутан → дихлорбутан

    2) Метан құрамындағы көміртектің массалық үлесін есептеңдер.

    Жауабы: W(C) = 75%

    3) Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 15-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.

    Жауабы: C2H6 (этан)

    4) Метан мен этанның ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңдер.

    Жауабы: Dауа(CH4) = 0,55, Dауа(C2H6) = 1,03

    В) «Даналықтың негізі — төзім» (4 балл)

    Күрделірек есептер

    1) Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 22-ге тең 88 г алканның толық жануы үшін қажет оттектің (қ.ж.) көлемін табыңдар.

    Жауабы: V(O2) = 224 л

    2) Көміртектің массалық үлесі 80%, ал ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,034 болатын көмірсутекті анықтаңдар.

    Жауабы: C2H6 (этан)

    3) 224 л метанды айырғанда түзілген ацетилен толық жанғанда бөлінетін көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін есептеңдер.

    Жауабы: V(CO2) = 224 л