Балаларға саңырауқұлақ туралы түсіндіре отырып, ермексазбен саңырауқұлақты мүсіндеуге үйрету
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Саңырауқұлақтар әлемі
Білім беру саласы
Шығармашылық
Білім беру бөлімі
Мүсіндеу
Әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Ойын
- Мадақтау
Мақсаттары
Балаларға саңырауқұлақ туралы түсінік бере отырып, ермексаздан саңырауқұлақ мүсіндеуді үйрету.
Саусақ қимылдарын дамыту және сөздік қорын молайту.
Мүсіндеу сабағына қызығушылықты арттыру.
Көрнекіліктер
Сабақ барысы
Таңғы жиын
Тәрбиеші: «Қайырлы таң, балалар! Бүгін күн қандай керемет! Қане, бәріміз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.»
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз, қандаймыз — Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Жабырқауды білмейміз.
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар, балалар!»
Тақырыпты таныстыру және суретпен жұмыс
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы — «Саңырауқұлақтар әлемі». Бүгін біз саңырауқұлақтар туралы кеңірек мағлұмат алып, оларды мүсіндеуді үйренеміз.
Сұрақ-жауап
- Балалар, суретке назар аударайық. Не көріп отырсыңдар?
- Кірпі қайда жүреді?
- Ол не істеп жүр деп ойлайсыңдар?
- Ол нені көрді?
Негізгі ұғым
Саңырауқұлақ — ылғалды жерде өсетін, қалпақ тәрізді бөлігі бар, гүлдемейтін өсімдік. Тақырып көрнекіліктер арқылы түсіндіріледі.
Сергіту сәті
Саңырауқұлақ, саңырауқұлақ, Басында қалпағы бар. Ормандағы жәндіктерге, Жауын жауса пана болар.
Өнер орталығы: мүсіндеу жұмысы
Балалардан саңырауқұлақты сипаттап, оның бөліктерін атау сұралады (қалпағы және сабағы). Мүсіндеу тәсілі кезең-кезеңімен түсіндіріледі.
Тапсырма
Әр бала ермексаздан саңырауқұлақ жасап, соңында ортақ «саңырауқұлақ алаңын» құрастырады.
Дидактикалық ойын: «Тез құрастыр»
Балаларға екі бөлікке бөлінген саңырауқұлақты (қалпағы мен сабағын) тез әрі дұрыс құрастыру ұсынылады.
Ойын шарты
Қалпақ пен сабақты өз орнына дұрыс қойып, толық саңырауқұлақ құрастыру.
Қорытынды: тамашалау және мадақтау
Балалардың жұмыстары бірге тамашаланып, белсенділік танытқан балалар мадақталады.