Қазір Астана қаласы ірі білім және мәдениет орталығы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебі

Ағылшын тілі мұғалімі: Сәбитова Әсия Қапезқызы

Сабақтың тақырыбы

Астананың көрікті жерлері

Бұл сабақта оқушылар еліміздің жүрегі саналатын жас қала — Астананың көрікті орындарымен танысып, жаңа сөздермен жұмыс жасап, топтық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын дамытады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды Елордамыз Астананың көрікті жерлерімен таныстыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды патриотизмге, отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың форматы мен ресурстары

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Аудару
  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру стратегиясы

Көрнекіліктер

  • Презентация
  • Интерактивті тақта
  • Бейнежазба және слайдтағы суреттер

Оқу динамикасы

Оқушылардың белсенділігі мен жауаптары жетон арқылы бағаланады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту.

II. Үй жұмысын тексеру

Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен материалды қайталау.

III. Жаңа сабақ

Оқушыларға слайдта Астананың көрікті жерлері көрсетіледі. Оқушылар суреттерге қарап, бұл қай қала екенін анықтайды.

Негізгі ой

Бүгінгі сабақта жас қала — еліміздің жүрегі Астананың көрікті жерлері туралы жаңа мәлімет аласыңдар.

  1. Астана туралы бейнеклип көру.
  2. Слайдтағы суреттер бойынша талқылау.
  3. Жаңа сөздермен танысу және қолдану.

Сөздік (жаңа сөздер)

Әуе айлағы

воздушная пристань

Жоғары оқу орны

высшее учебное заведение

Ұлттық мәдениет орталығы

национальный культурный центр

Өлкетану

краеведение

Жаңа білімді меңгерту: топтық жұмыс

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар салынған үш конверт ұсынылады. Әр тапсырма 1-деңгейден 3-деңгейге дейін күрделенеді.

1-топ: Оқу орталығы

1-деңгей

Мәтінді тізбек бойынша мәнерлеп оқыңдар. Сұрақтарға мәтіннен жауап тауып, дауыстап оқып беріңдер.

Мәтін

Астана — әлем картасындағы жаңа есім. Ол — ірі әуе айлағы. Қазір Астана қаласы ірі білім және мәдениет орталығы. Онда 42 орта мектеп, 49 балабақша, 7 училище, 9 арнаулы орта оқу орны және бірнеше жоғары оқу орны бар. Ерекше атап өтетін оқу орны — Президент университеті. Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ сазды-драма театры, өнер және тарих, өлкетану мұражайлары, ұлттық мәдениет орталығы, кинотеатрлар, мәдениет саябағы, Бәйтерек, кітапханалар, 2 стадион және спорт кешені бар.

Сұрақтар

  1. Қазіргі Астана қаласы қандай орталық?
  2. Ерекше атап өтетін орындарды атаңдар.

2-деңгей

Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлімге ат қойыңдар.

3-деңгей

Мәтіннің соңғы азат жолындағы ойды кеңейтіп, дамыта отырып әңгімелеп беріңдер.

2-топ: Жазу орталығы

1-деңгей

Тақтада көрсетілген суреттерге қарап, әрқайсысының атауын табыңдар.

2-деңгей

Сөздікпен жұмыс: жаңа сөздерді қолданып, хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдер құрастырыңдар.

3-деңгей

«Менің Астанам» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

3-топ: Өнер орталығы

1-деңгей

«Астана» тақырыбына 5 жолды өлең құрастырыңдар.

2-деңгей

Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.

3-деңгей

«Астана келбеті» тақырыбына сурет салыңдар.

Жаңа білімді бекіту: KWL кестесі

«Астананың көрікті жерлері» тақырыбы бойынша оқушылар өз білімін жүйелейді: не біледі, нені білгісі келеді, не үйренді.

Білемін

Бұрыннан білетін мәліметтер мен деректер.

Білгім келеді

Қызықтыратын сұрақтар және нақтылауды қажет ететін тұстар.

Үйрендім

Сабақ соңында меңгерген жаңа білім мен қорытынды.

Үй жұмысы

  1. Астананың бір көрікті жерін таңдаңдар.
  2. Сол орынға байланысты сурет дайындаңдар.
  3. Суретке сүйене отырып, қысқаша әңгімелеп беруге дайындалыңдар.