Топ басшылары

Сабақтың тақырыбы

Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

Сабақтың мақсаты

  • Балаларға ауа райы туралы түсінік беру, оны бақылау жолдарын үйрету; ауаның ластануы мен ауаны қорғаудың маңызын түсіндіру.
  • Балалардың танымдық қабілетін, сөйлеу мәдениетін және өз ойын ортаға салу дағдыларын дамыту.
  • Экологиялық тәрбие беру, табиғатты аялауға баулу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Балалар, бүгінгі ауа райын бақылап көрейік. Бүгін біз 3 топқа бөлінеміз: натуралистер, экологтар, ғалымдар.

Топ басшылары

______________

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма: «Ауа райы» және «Климат» (1-бөлім). Әр топқа сұрақтар беріледі.

Натуралистер

  • 1.Ауа райы дегеніміз не?
  • 2.Ауа райын қалай және қайда бақылаймыз?
  • 3.Метеорологиялық станциялар туралы не айта аласың?
  • 4.Ауа райын білу не үшін қажет?
  • 5.Халық ауа райын қалай болжаған?

Экологтар

  • 1.Бір жердегі ауа райының жыл сайын қайталануы нені білдіреді?
  • 2.Климаттың түрі неліктен өзгереді?
  • 3.Күн сәулесі Жер шарының қай бөлігіне тік түседі?
  • 4.Экватордың климаты қандай?
  • 5.Ауа райын қандай құралдармен бақылаймыз?

Ғалымдар

  • 1.Экватордан алыс жатқан полюстерде жыл мезгілдері арасындағы айырмашылық қандай?
  • 2.Жылудың таралуына бұлттың әсері қандай?
  • 3.Қазақстан Жер шарының қай материгінде орналасқан?
  • 4.Қазақстанның климаты қандай?
  • 5.Ең суық және ең жылы температура қай айларда болады?

3) Жаңа сабақ

Жұмбақ

Ол болмаса ғаламда
Тұншығады жан-жануар, адам да. (Ауа)

Бүгінгі тақырып: Ауаның ластануы және ауаны қорғау.

Кіріспе

«Біздің қонақ» айдарымен 10 «А» сынып оқушысы, «Жас эколог» үйірмесінің мүшесі, ауа туралы өз пікірін білдіріп, оқушыларға сұрақтар қояды.

Сұрақтар

  • Балалар, біз тыныс алып жүрген ауа қандай деп ойлайсыңдар?
  • Лас ауамен тыныс алғыларың келе ме?

4) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді алдымен іштей оқып, кейін дауыстап оқимыз.

5) Сұрақ дайындау

Мәтін бойынша әр топ қарсы топқа қоятын сұрақтарын өздері дайындайды.

6) Дәптермен жұмыс

Интерактивті тақтада дөңгелектер көрсетіледі. Әр топ өз таңдаған дөңгелегі бойынша тапсырманы орындайды.

Тапсырмалар

1)

Ағаш кесілгеннен кейін табиғатқа келетін зиянды түсіндір.

2)

Ағаштардың адамға және табиғатқа тигізетін пайдасын ата.

3)

Біздің қаламыздың ауасы қалай ластанады? Мысал келтір.

Сергіту сәті

Жай әуен қойылады. Денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Қаласаңдар, көздеріңді жұмуларыңа болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

Тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза әрі шипалы ауаның тұла бойларыңа тарағанын сезініңдер. Енді көздеріңді ашуға болады.