Бейнелеуіш сөздерді меңгерту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Бейнелеуіш еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты
Бейнелеуіш сөздерді меңгерту.
Күтілетін нәтиже
- Бейнелеуіш сөздерді меңгереді.
- Еліктеуіш сөз бен бейнелеуіш сөзді ажырата алады.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Талдау-жинақтау
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Презентация
- Постерлер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (1–2 минут)
- Амандасу.
- Кезекшінің мәліметін тыңдау.
- Сабақтың мақсатымен таныстырып, тақырып төңірегінде ой қозғау.
II. Үй тапсырмасын тексеру (3–5 минут)
Қайталау – оқу анасы. Морфология бөлімін қайталау мақсатында оқушыларға етістік, үстеу, еліктеу сөз жазылған қағаздар таратылады. Оқушылар сөз таптары бойынша бірігіп, топтарға бөлінеді.
333-жаттығу
Мақсаты: еліктеуіш сөздерді қолданып, «Айналадағы әлем – дыбыстар әлемі» тақырыбында шағын шығарма жазу.
Тақтаға ілінген плакатқа оқушылар бір еліктеуіш сөзге байланысты сурет жапсырып, аудиодықбыс арқылы дәлелдейді.
III. Жаңа сабақ: «Жаңа сабақ құпиясы» (5–7 минут)
Бейнелеуіш сөздерді таныту үшін шағын тәжірибе көрсетіледі. Оқушылар әрекеттің қозғалысын және күйін дәл сипаттайтын сөздерді байқап, қорытынды жасайды.
1-тәжірибе
Оқушының атын атап, назарын өзіме аудару.
Сұрақ: Диас қалай қарады?
Жауап: Диас жалт қарады.
2-тәжірибе
Шамды жағып, қайта сөндіру.
Сұрақ: Шам не істеді?
Жауап: Шам жарқ ете қалды.
3-тәжірибе
Мұғалім жүріп келе жатып кенет тоқтайды.
Сұрақ: Мұғалім қалай тоқтады?
Жауап: Мұғалім кілт тоқтады.
Қорытынды және анықтама
Оқушылар көргендері бойынша ереже шығарып, оны оқулықтағы анықтамамен салыстырады. Әр топ кітаптағы мысалға сүйеніп, күнделікті өмірге қатысты бір сөйлем құрастырады.
Ереже:
Табиғаттағы заттардың қозғалысын мен күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады.
Мысалдар: Шам жалп етіп сөнді. Ол жаулығын желп еткізіп, артына жалт қарады.
I топ
Ережені тұжырымдайды.
II топ
Бейнелеуіш және еліктеуіш сөздердің айырмашылығын айтады.
III топ
Неліктен екеуі де «еліктеу сөздер» деп аталатынын түсіндіреді.
IV. «Артық білім – кітапта» бөлімі (10–15 минут)
336-жаттығу
Мақсаты: төмендегі еліктеу сөздердің сыңарларын және өзге нұсқаларын тауып жазу, мағына өзгерісін түсіндіру.
338-жаттығу
Мақсаты: әр сөйлемдегі сөздерді теріп жазу, түрлерін анықтау және арнайы белгі қою арқылы кестені толтыру.
Сөйлем:
Досы көпті жау алмайды.
341-жаттығу
Мақсаты: мәтінді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасау.
| Сөз | Талдау |
|---|---|
| Шолп-шолп | Еліктеу сөз, бейнелеуіш; күрделі. |
| Алабұғаның | Зат есім; деректі; күрделі. -ның — ілік септік жалғауы. |
| Бұрқ | Еліктеу сөз; бейнелеуіш; дара. |
| Бұлқынды | Етістік; салт; болымды; дара. -ды — жедел өткен шақ жұрнағы. |
| Іліп әкетті | Етістік; сабақты; болымды; күрделі. -іп — көсемше жұрнағы, -ті — жедел өткен шақ жұрнағы. |
V. «Білімді мыңды жығар» бөлімі (8–10 минут)
I топ: мәтінмен жұмыс
Интерактивті тақтада берілген мәтіндегі еліктеу сөздерге фонетикалық талдау жасалады. Сонымен бірге авторы мен шығарманың атауы сұралады.
Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген. Шақұр-шұқыр еткен тұяғы шанаға қарай қар кесектерін бұрқырата атқылап берді. Кенет торы дөнен ішін тартып, жалт бұрылып, тұра қалды. Қос құлағы найзаша шаншылып, қалш-қалш етеді. Қамшыны үстемелете үйірген Сатай кенет: «Әне, қасқырды қара!» — деп айғайлап жіберді. Даусы сондай қуанышты, даурыға шықты. Рабиға да жалт қарады.
Шақұр-шұқыр
ша-қыр-шұ-қыр (A–Б–A–Б)
- ш — дауыссыз, қатаң
- а — дауысты, жуан, ашық, езулік
- қ — дауыссыз, қатаң
- ы — дауысты, жуан, ашық, езулік
- р — дауыссыз, үнді
- ш — дауыссыз, қатаң
- ұ — дауысты, жуан, қысаң, еріндік
- қ — дауыссыз, қатаң
- ы — дауысты, жуан, ашық, езулік
- р — дауыссыз, үнді
10 әріп, 10 дыбыс.
Жалт
- ж — дауыссыз, ұяң
- а — дауысты, жуан, ашық, езулік
- л — дауыссыз, үнді
- т — дауыссыз, қатаң
4 әріп, 4 дыбыс.
Қалш-қалш
- қ — дауыссыз, қатаң
- а — дауысты, жуан, ашық, езулік
- л — дауыссыз, үнді
- ш — дауыссыз, қатаң
II топ: жазылым
Наурыз тақырыбындағы видеоролик бойынша эссе жазу.
Тақырып:
«Жыл басы – Наурыз»
III топ: ойталқы
«Әдептілік әліппесін жасайық!» тақырыбында ойталқы өткізу. Постерге әдепсіз адамның қылықтарын жазып шығу.
Қорытынды
Бұл сабақта оқушылар бейнелеуіш сөздердің табиғаттағы құбылыстарды, қимыл-қозғалысты және заттың күйін көзбен көріп сипаттайтынын тәжірибе арқылы түсініп, еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздердің айырмашылығын нақты мысалдармен айқындайды. Тапсырмалар арқылы білім бекітіліп, мәтінмен жұмыс барысында тілдік талдау дағдылары дамытылады.