Сырбаздықты әдетте қалайды адам

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Бұл адамдар шыдап жүр қалай маған?
Сырбаздықты әдетте қалайды адам.
Шындықты айтар шыдамсыз болмысымнан
зардап шегіп жүргендей бар айналам.
Өткіншінің бәріне қарсы жаным,
сезе қалсам, сарқылып бар шыдамым,
адамсыған ақылгөй орталардың
есіктерін сыртынан тарс ұрамын.
Содан мүмкін болмай жүр жолым менің;
содан мүмкін жарқылдап көрінбедім.
Жалғандықпен жарасым таппағанда,
жатады ылғи бұлт құшып көгімде Күн
Жалтақтармен, әйтеуір, көп егесім,
көп егестің білемін жебемесін.
Төзіп бағам,
бәрібір шыншылдығым
талқандайды шыдамның керегесін.
Өмірге аяқ басқалы мұны білгем,
епсектілер жемімді бұрын ілген.
Ақыл енбей сонда да,
арпалысып,
келем әлі сойылға жығылумен.
Шындық іздеп шыққанмен айбарланып,
ақымақтай көрінер жайды аңдадық...
Маған төзген жандардың шыдамына
отырамын кейде өзім қайран қалып.



Ұқсас жұмыстар

Самғау мен құлдырау. Ә. Нұрпейісов туралы
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Барокко дәуіріне жалпы сипаттама
Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы мен қасиетінің даму ерекшеліктері
Алаяқтық қылмыс
Ұйым және тұлға арақатынасының ерекшеліктері
Саяси партиялар туралы ақпарат
Қазақ дәстүріндегі неклесу түрлері
Жаңа тауарды жоспарлау
Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Ерте Палеолит адамдары
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Адам бойындағы жағымды қасиет туралы
Адамзат тарихындағы ең алғаш мемлекет типтес ұйым
Адамдардың тұтынысын қанағаттандыру Мақсаттар
Жеке адамды қалыптастыру
Қазіргі кездегі адам ресурстарын басқарудың ерекшеліктері.