Қыс ғажайыптары
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
І кіші тобы: «Қуыршақ» (2–3 жас)
Білім беру салалары
- Коммуникация
- Шығармашылық
Бөлімдер
- Сөйлеуді дамыту
- Сурет салу
Тақырыбы
Қыс ғажайыптары
Мақсаттары
Танымдық және эмоциялық бағыт
- Қыс мезгіліне қызығушылықтарын арттыру.
- Табиғатқа қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Шығармашылық және дағды
- Балалардың шығармашылық ынтасын ояту.
- Түсті қағазда дәстүрлі емес тәсілдермен жұмыс істеуге баулу.
- Ұжымдық сурет салуға үйрету.
Билингвальді компонент
- Қазақша
- Қыс, ақ
- Орысша
- зима, белый
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушылық
«Жылулық шеңбері»Балалар шеңберге тұрып, қыс пен қар туралы жылы тілектер айтады:
Қар суық болса да,
Кәне, бәріміз осы ұлпа қар арқылы
Жылулығымызды білдірейік.
Қазақша
Сәлеметсіздер ме!
Русский
Здравствуйте!
English
Good morning!
Басқа тіл
Аниоң-хасие!
Одан кейін балалар орманға «саяхатқа» шығуға дайындалады. Жолда олар түлкіні кездестіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
ЖұмбақҚол созсаң — ақ күміс,
Алақаныңа қонады.
Ашып-жұмсаң — із-түссіз,
Лезде жоқ болады.
Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Орманға барғыларың келе ме?
- Қыста не жауады?
- Қыс туралы тақпақ кім біледі?
Сиқырлы саяхат
Тәрбиеші «сиқырлы шапанды» киіп, балаларға көздерін жұмуды ұсынады. Осылайша олар орманға «келеді».
Орманда балалар шыршаны байқайды: түсі жасыл, ал бойлары әртүрлі.
Кейіпкерлермен кездесу
Қоян пайда болады
Қоян: «Сәлеметсіздер ме, балалар? Орманда не істеп жүрсіңдер?»
Қоянның жұмбағы:
Қыста ақ, жазда сұр — бұл қандай аң?
Қоян: «Жарайсыңдар! Мен де сендермен бірге жүрейін.»
Орманды бақылау
- Ағаш басындағы аппақ көрініс — қар.
- Балалар апанды көреді. Бұл — аюдың апаны.
- Қыста аю ұйқыға кететіндіктен, тыныш жүру керек.
Аққала
Балалар орманда бұрын келген балалар жасап кеткен аққаланы көреді. Тәрбиеші аққаланың қандай екенін сипаттатқызады.
Үйшік және түлкі
Балалар әдемі үйшікті көріп, терезесін қағады.
Түлкі: «Менің тереземді қағып тұрған кімдер?»
Түлкі: «Амансыңдар ма, балалар! Мен түлкімін, тұнып тұрған күлкімін.»
Түлкі: «Тоңып қалған шығарсыңдар? Ойын ойнайық.»
«Қар жинау»
Балабақшаға оралу
Балалар «сиқырлы шапанның» көмегімен көздерін жұмып, балабақшаға қайтады. Қайта келген соң орманда не көргендерін әңгімелейді.
Сөздік жұмыс
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысБала, бала, балақан,
Кәне қайсы алақан,
Саусақтарым әйбат,
Былай-былай ойнат.
Шығармашылық жұмыс: «Қыс ғажайыптары»
Балалар орындарынан тұрып, тіс пастасын пайдаланып, түсті қағазға ұлпа қардың суретін салады.
- 1 Оң қолды созып, саусақ ұшымен қардың ізін бейнелейді.
- 2 Тәрбиеші дәстүрлі емес салу тәсілін кезең-кезеңімен көрсетеді.
- 3 Жұмыс соңында балалардың ортақ суреті талқыланып, мадақтау сөздері айтылады.