Бөлуге қарсы амал

Сабақтың тақырыбы

Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Есептің жаңа түрін шешу жолымен таныстыру; ондықты аттап қосу мен азайтудың өтілген жағдайларын пысықтау.

2) Дамытушылық

Жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын арттыру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Түрлі тапсырмалар, сызба, лента, суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың психологиялық көңіл-күйін көтеру.

Қайырлы күн, достар!

Бүгінгі күн, міне, сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!

II. Үй жұмысы

Тапсырмалар
17 − (5 + 5)
(40 + 20) − 50
100 − (60 + 20)
80 + (40 − 20)
(15 − 9) − 5
50 + (40 − 20)

III. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақ шешу арқылы «азайтқыш» сөзін шығарып аламыз.

  1. 1«Кем» ұғымына қарсы ұғым.
  2. 2Амал.
  3. 316 − 10 айырмасы.
  4. 4Бөлуге қарсы амал.
  5. 5Үш ондық.
  6. 6Амал.
  7. 716 − 7 айырмасы.
  8. 8Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да; ұзындығы жазулы тұр бойында.

Негізгі ұғымдар

Азайғыш

Берілген сан

Азайтқыш

Белгісіз болуы мүмкін

Айырма

Нәтиже

Теңдеу шешу

12 − x = 9

x = 12 − 9

x = 3

Тексеру: 12 − 3 = 9

13 − x = 5

x = 13 − 5

x = 8

Тексеру: 13 − 8 = 5

14 − x = 7

x = 14 − 7

x = 7

Тексеру: 14 − 7 = 7

Қорытынды ереже

Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз.

Өз бетімен жұмыс

16 − … = 8
12 − … = 7
18 − … = 9
10 − … = 5
15 − … = 5
16 − … = 8

Тақтамен жұмыс (таспа туралы есептер)

Есеп 1

Ұзындығы
60 см
Қалды
20 см
Қиып алынды
?

Шешуі: 60 − 20 = 40

Жауабы: 40 см таспа қиып алынды.

Есеп 2

Қиып алынды
40 см
Қалды
20 см
Барлығы
?

Шешуі: 40 + 20 = 60

Жауабы: барлығы 60 см.

Есеп 3

Ұзындығы
60 см
Қиып алынды
40 см
Қалды
?

Шешуі: 60 − 40 = 20

Жауабы: 20 см қалды.

Данышпан атаның тапсырмалары

Данышпан ата бізге бірнеше тапсырма жіберіпті. Білімімізді көрсетіп, тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысайық.

Логикалық жаттығу: «Кім жылдам?»

13 − … = 5
17 − … = 9
12 − … = 6
14 − … = 10
16 − … = 7
11 − … = 9
15 − … = 8
12 − … = 9
13 − … = 4
13 − … = 7
16 − … = 10

Әріптерді мәндерге сәйкес орналастыру

Өрнектердің мәнін тауып, әріптерді сызбадағы сәйкес орынға қойыңдар.

Т — (12 − 9) + 10
Ә — (6 + 9) − 5
У — 18 − (5 + 4)
Е — 60 − (10 + 50)
Л — (60 − 10) + 50
С — 100 − (50 − 30)
І — 9 + (14 − 8)
З — 15 − (10 − 3)
Д — (11 − 4) − 7
І — (13 − 5) + 10
К — 16 − (4 + 6)

Ерекше сөз

Тәуелсіздік

Тәрбиелік бөлім

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы туралы қысқаша әңгімелеу. Тәуелсіздік туралы екі оқушы өлең оқиды.

Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Үйге тапсырма

№4, №5 (53-бет).

Бағалау

Оқушылардың жұмысы сабақ барысында орындалған тапсырмаларға қарай бағаланады.