Физика пәнінің мұғалімі Алманова Г. А. 10 - сыныпТақырыбы

Физика пәнінің мұғалімі: Алманова Г. А.

Сынып: 10-сынып

Тақырыбы

Термодинамиканың I заңын изопроцестерде қолдану

Негізгі мақсаты

Изопроцестер туралы түсінікті қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру; термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдануды меңгерту; заттың жылу сыйымдылығының өтіп жатқан процестерге тәуелділігі туралы түсінік беру.

Оқу мақсаттары

Сабақ мақсаттары Bloom таксономиясы деңгейлері бойынша құрылымдалған.

Білу

Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс, жылу мөлшері, калориметр, жылусыйымдылық ұғымдарын меңгерту.

Түсіну

Топтық жұмыс арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын түсіну.

Қолдану

Жаңа білімді практикада қолдана білу дағдысын дамыту.

Талдау

Термодинамиканың I заңын пайдаланып есептер шығару.

Жинақтау

Мысалды мұқият тыңдай отырып, себеп-салдар байланысын анықтау.

Бағалау

Ақпаратты толық қабылдау деңгейін анықтау.