Салалас құрмалас сөйлемді себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жаз

Сабақтың тақырыбы

Себеп бағыныңқы сабақтас.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беру.

Көрнекіліктер

  • Себеп бағыныңқы сабақтас сызбасы
  • Үлестірмелі парақшалар
  • Слайд

Стратегиялар

  • Топтастыру
  • Венн диаграммасы
  • Екі жақты күнделік

Сабақтың міндеттері

Мазмұнға байланысты

  • Себеп бағыныңқының баяндауыштарының жасалу жолын түсіндіру.
  • Сұрақтарымен таныстыру.

Сыни ойлауды дамыту

  • Оқушының себеп бағыныңқы туралы түсінігін қалыптастыру.
  • Оқулықпен жұмыс істей отырып, теориялық білімді жаттығу және талдау жұмыстары арқылы бекіту.

Топтық жұмыс

  • Бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Пікірін дәлелдеуге үйрету.

Сабақтың құрылымы

I. Қызығушылықты ояту

Бастау

Мұғалім төмендегі сөйлемді ұсынады және оқушылардан баяндауышын табуды, жасалу жолын түсіндіруді сұрайды:

Абай бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында шақырды.

Талқылау сұрақтары: — Бұл қай құрмалас сөйлем? — Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау

Сұрақ: Сабақтастың қандай түрлері бар?

  • Мезгіл
  • Мақсат
  • Шартты
  • Қимыл-сын
  • Қарсылықты
  • Себеп бағыныңқы

III. Жаңа сабақ

Түсіндіру
  1. 1

    Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.

  2. 2

    Плакаттағы сөздерді оқып, баяндауыштарын табады.

  3. 3

    Қосымша ережені қорытындылап түсіндіріледі.

  4. 4

    Себеп бағыныңқы сабақтастың сұрақтары мен қосымшалары топтастыру әдісі арқылы жинақталады. Оқушылар дәптеріне жазады.

IV. Кітаппен жұмыс

Тәжірибе

134–137-жаттығулар орындалады.

V. Қима қағазбен жұмыс

Жұп/топ

№1 Тапсырма

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір.

Бақтығұлдың үйден шыққанына екі күн болғандықтан, местегі малта да таусыла бастады.

№2 Тапсырма

Салалас құрмалас сөйлемді себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жаз.

Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді.

№3 Тапсырма

Жасалу жолын түсіндір.

Маған мына кітаптың бір жері қатты ұнады, сол себепті соны тағы бір оқып шығайын.

VI. Жазылым жұмысы

Шығармашылық

Себеп–салдар салаласқа бірнеше сөйлем құрастыру.

VII. Венн диаграммасы

Салыстыру

Себеп–салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтасты салыстыру: ұқсастығы және айырмашылығы.

Ұқсастығы

  • Екі құрылым да себеп пен салдар қатынасын білдіреді.
  • Мағыналық байланыс логикалық негізде құрылады.

Айырмашылығы

  • Салаласта бөліктер тең дәрежеде байланысады.
  • Сабақтаста бағыныңқы бөлік басыңқыға тәуелді болады.

VIII. Үй тапсырмасы

Үй жұмысы

138-жаттығу.

IX. Бағалау

Қорытынды

Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындауы және талдау сапасы бойынша бағаланады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}