Бірінші жүргізуші
Сыныптан тыс шара: «Алғыр химик»
Күні: ___________
Мақсаты
- Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру.
- Жан-жақты болуға тәрбиелеу және шығармашылық белсенділігін дамыту.
- Білімді өмірде және практикада қолдана білуге баулу.
- Жауапкершілікке және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі: пән мұғалімі іс-шараның тақырыбы мен мақсатын таныстырып, сөзді жүргізушілерге және сайыскерлерге береді.
Жүргізуші 1 (кіріспе):
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді әрі білікті жас жеткіншек!
ХХІ ғасыр білгірлерін — құрметті сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық! (6 оқушы сахнаға шығып, орындарына отырады.)
Жүргізуші 2: Құрметті сайыскерлер, өздеріңіз туралы қысқаша таныстырып өтіңіздер. (Әр сайыскер аты-жөнін, сыныбын және ұстанымын айтады.)
Сайыс кезеңдері (5 кезең):
- I Кім жылдам?
- II Полиглот
- III Дода
- IV Мықты болсаң, тауып көр
- V Тапқырлар
Жүргізуші 2 (шақыру):
Ал, сайыскер балалар,
Ойланып бір көріңдер.
Сендерге сұрақ беремін,
Толғанып жауап беріңдер.
I кезең — «Кім жылдам?»
Әр сайыскерге 1 минут беріледі. Осы уақыт ішінде қойылған сұрақтарға қанша дұрыс жауап берсе, сонша ұпай жинайды: әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
Жедел сұрақтар (үлгі)
Жауаптар жақша ішінде берілген.
- 1. Ең жеңіл газ? (Сутек)
- 2. Қандай металдарды сумен жандыруға болады? (Сілтілік металдар)
- 3. Тірі организмдердің ауаны сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлу процесі қалай аталады? (Дем алу)
- 4. Суда еритін негіздер қалай аталады? (Сілтілер)
- 5. Екінші периодтағы элементтер саны? (8)
- 6. Жылу мен жарық бөле жүретін құбылыс? (Жану)
- 7. H2O халықаралық атауы? (Сутек оксиді)
- 8. Лакмус қышқыл ортада қандай түске өзгереді? (Қызыл)
- 9. Жылу бөле жүретін реакция? (Экзотермиялық)
- 10. Жылу сіңіре жүретін реакция? (Эндотермиялық)
- 11. Біреуі оттек болатын екі элементтен құралған қосылыс? (Оксид)
- 12. Екі не одан да көп зат бірігіп, күрделі зат түзетін реакция? (Қосылу реакциясы)
- 13. Бір заттың бірнеше затқа ыдырауы қалай аталады? (Айырылу реакциясы)
- 14. Ең ауыр металл? (Осмий)
- 15. Реакцияға дейінгі және кейінгі масса сақталатынын сипаттайтын заң? (Зат массасының сақталу заңы)
- 16. Реакцияға түсетін заттардың қысқаша атауы? (Реагенттер)
- 17. Екі элементтен тұратын қосылыс? (Биэлементті қосылыс)
- 18. Химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек? (Атом)
- 19. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек? (Молекула)
- 20. Сүзу әдісімен алынған ерітінді? (Сүзінді)
- 21. Ең жеңіл металл? (Литий)
- 22. Атомдар мен молекулалар туралы білімдердің жиынтығы? (Атом-молекулалық ілім)
- 23. Ас тұзының формуласы? (NaCl)
- 24. Үш әріптен тұратын элемент атаңыз. (Иод, бор)
- 25. Бірінші периодтағы элементтер саны? (2)
Кезең соңында жиналған ұпайлар есептеледі. Ұпайы ең аз сайыскер сайыстан шығады (сәттілік тілейміз).
II кезең — «Полиглот»
Әр сайыскерге жеке тапсырма оқылады. Жауапты үш тілде айту қажет: қазақша, орысша, латынша. Дұрыс әрі толық жауап — 10 ұпай, толық емес жауап — 5 ұпай.
№1 сайыскер
Тапсырма: Мақалды толықтыр.
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Қайнатсаң да буланбас, отынды үріп.
Суықты, жылуды анық көрсетеді,
Қандай зат, құрал жасар соны құйып?
Жауабы: Сынап — ртуть — hydrargyrum.
№2 сайыскер
Сипаттама: Өзі ауыр металға жатады. Балалар бұл металл құйылған сақамен ойнайды.
Жауабы: Қорғасын — свинец — plumbum.
№3 сайыскер
Алтын — ....... тас екен.
Арпа-бидай — ас екен.
Жауабы: Күміс — серебро — argentum.
№4 сайыскер
Сипаттама: Осы затпен ескі үйді аластайды; түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды.
Жауабы: Күкірт — сера — sulfur.
№5 сайыскер
Сипаттама: Өзі жылтыр, күмістей; жұмсақтығы да бар. Жеңілдігін ескерсең, қолданар жері табылады.
Жауабы: Алюминий — алюминий — aluminium.
№6 сайыскер
Иісі, түсі, өңі жоқ,
Табиғатта онсыз өмір жоқ.
Өсімдіктен аламын,
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек — кислород — oxygenium.
Кезең соңында ұпайлар есептеліп, ұпайы аз оқушы сайыстан шығарылады.
III кезең — «Дода»
Тест сұрақтары оқылады. Жауабын тапқан оқушы қолын көтереді. Дұрыс жауап — 10 ұпай.
Тест сұрақтары
-
1. KMnO4 қосылысындағы марганецтің валенттілігі:
1) IV 2) V 3) VII
-
2. Ас тұзының молекулалық массасы:
1) 58,5 2) 56 3) 58
-
3. Ақ ірімшік тәрізді тұнба:
1) AgCl 2) BaSO4 3) AgI
-
4. Көміртек(IV) оксидіндегі көміртектің массалық үлесі:
1) 43% 2) 30% 3) 27%
Кезең соңында ұпайы аз оқушы сайыстан шығарылады.
IV кезең — «Мықты болсаң, тауып көр»
Алдарыңызда металдар тізімі беріледі. Әр сайыскерге бір сұрақ қойылады, жауап осы металдардың біреуі болады. Егер бірінші сайыскер жауап бере алмаса, келесі сайыскерлер жауап беруге мүмкіндік алады.
Берілген металдар
- AuАлтын
- ZnМырыш
- CuМыс
- AgКүміс
- HgСынап
- FeТемір
Сұрақтар
1) Латын тілінен аударғанда «таң» мағынасын беретін металл:
Жауабы: Алтын (Au)
2) Берілгендердің ішіндегі сұйық агрегаттық күйдегі жалғыз металл:
Жауабы: Сынап (Hg)
3) Темірді коррозиядан қорғауда жиі қолданылатын металл:
Жауабы: Мырыш / цинк (Zn)
Кезең соңында ұпайлар есептеледі.
V кезең — «Тапқырлар»
Берілген ұяшықтардың біреуін таңдап, сұраққа жауап беріңіз. Егер жауап бере алмасаңыз, келесі сайыскер жауап бере алады.
Сұрақтар мен жауаптар
-
1) Қай орыс химигі ақын, геолог және географ болған?
Жауабы: Ломоносов.
-
2) Қандай элементтер Күн жүйесіндегі планеталардың атауларын алған?
Жауабы: уран, нептуний, плутоний.
-
3) Ең көне қышқыл?
Жауабы: сірке қышқылы.
-
4) Неліктен қыста тұз себілген қар ериді?
Жауабы: ерітінділердің қату температурасы таза судікінен төмен болады; ас тұзы ерігенде қардың еруі жылдамдайды.
-
5) Метеорология тұрғысынан судың 8 күйін атаңыз.
Жауабы: бу, мұз, қар, тұман, жаңбыр, бұлт, қырау, бұршақ.
Қосымша тапсырмалар
-
6) 6 металл берілген: алтын, темір, мыс, вольфрам, қорғасын, платина. Осылардың ішіндегі үшеуі сынапта батпайды. Олар қайсысы?
Жауабы: темір, мыс, қорғасын.
-
7) Қандай қымбат металл әртүрлі химиялық процестер үшін күшті катализатор бола алады?
Жауабы: платина.
-
8) Қанттардың ішіндегі ең тәттісі қайсы?
Жауабы: фруктоза (сахарозадан шамамен 1,7 есе тәтті).
-
9) Көк қағазды қалай және немен бір мезетте қызыл түске бояуға болады?
Жауабы: лакмус қағазын қышқыл ерітіндісіне тигізу арқылы.
Қорытынды
Ұпайларды жариялау
Сайыс нәтижесі бойынша ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар анықталады: 1-сайыскер, 2-сайыскер, 3-сайыскер (қорытынды кесте бойынша).
Алғыс сөз
Барлық қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз. Ең бастысы — тек жеңіс емес, белсенді қатысу екенін ұмытпайық. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар.