Қазақ хандығын басқарған соңғы хан

Тарих Сайыс форматы Топтық жұмыс

Сабақтың мақсаты мен құндылықтық өзегі

Бұл сабақ оқушыларға Қазақ хандығындағы басқару жүйесі, хандықтың ішкі және сыртқы жағдайы, сондай-ақ оның тарихи маңызы туралы тұтас түсінік қалыптастыруға бағытталады. Керей мен Жәнібек хандардың билік саясаты ашып көрсетіліп, Қазақ хандығы құрылған кезеңнен бастап билік еткен хандардың қызметіне шолу жасалады.

Білімділік

Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің қалыптасу алғышарттарын түсіндіру, Керей мен Жәнібек хандардың саяси ұстанымдарын нақтылау.

Тәрбиелік

Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған тарихи тұлғалардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына және адал перзенттеріне құрмет сезімін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырып бойынша мағлұмат береді, жұптық және топтық жұмыста ойын еркін жеткізеді, шығармашылық қабілетін танытады, пікір алмасып, «не білемін — нені білгім келеді» сұрақтарына жауап табады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Оқу құралдарын дайындау, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Өткен сабақты қайталау

Алдыңғы тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтары қойылады. Мақсат — негізгі ұғымдарды еске түсіріп, жаңа тақырыпқа логикалық көпір орнату.

III. Негізгі бөлім: топқа бөліну және кіріспе

1-топ

Керей хан тобы

2-топ

Жәнібек хан тобы

Сайыс шарттары түсіндірілген соң, оқушылар экранға назар аударып, Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек туралы ертегі үлгісінде түсірілген бейнефильмді тамашалайды. Бұл кіріспе бөлім ойды жинақтап, тақырыпты ашуға көмектеседі.

Сайыс кезеңдері

Сабақ құрылымы бірнеше қысқа әрі динамикалық кезеңдерден тұрады. Әр кезең оқушылардың тарихи білімін, талдауын және шығармашылығын бірдей қамтиды.

1-кезең: Ой шақыру

5 минут

Тақырыпқа қатысты бейнеүзінділер көрсетіліп, оқушылармен бірге сабақтың негізгі өзегі айқындалады.

2-кезең: «Ғажайып ұяшық»

7 минут

Сандардың астына жасырылған сұрақтарға топтар кезекпен жауап береді. Қол көтеріп дұрыс жауап берген оқушыға 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар

  1. Жәнібек пен Керей қай жылы, қай жерге қоныстанды?
  2. Жәнібек пен Керейдің қайсысы бірінші хан болды? Неліктен?
  3. Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп шықты?
  4. Әбілхайыр хан билігіне наразылық неліктен күшейді?
  5. Жәнібек пен Керей не себепті Моғолстан жеріне көшті?

Сұрақтар (жалғасы)

  1. Қазақ мемлекетін қалыптастырудың басты себептерін атаңдар.
  2. Сыр бойындағы қандай қалалар Қазақ хандығына қарады?
  3. Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысы» туралы не білесіңдер?
  4. Өзбек хандығы мен Қазақ хандығы сұлтандары қандай келісімге келді?
  5. Қазақ хандығын басқарған соңғы хан кім?

3-кезең: «Тұлғаны тану» — даталар сөйлейді

6 минут

Керей мен Жәнібекпен қатар елді нығайтуға үлес қосқан хандардың бейнелері жасырылады. Оқушылар билік құрған жылдары бойынша тұлғаларды анықтайды.

Хан Жылдары
1 Әбілқайыр хан 1718–1748
2 Абылай хан 1771–1781
3 Жәнібек хан 1428–1480
4 Керей хан 1459–1473
5 Тәуке хан 1680–1718
6 Қасым хан 1511–1518
7 Есім хан 1598–1628
8 Кенесары хан 1802–1847
9 Жәңгір хан 1801–1845
10 Хақназар хан 1538–1580

4-кезең: Эссе — «Мен егер хан болсам»

10 минут

Әр топ эссе жазып, оны актерлік шеберлікпен қорғап оқиды. Оқушылар тарихи тұлғалардың бейнесінде сөйлеп, көшбасшылық ойлау мен азаматтық позициясын көрсете алады.

5-кезең: Картамен жұмыс

2 минут

Қазақстан картасынан Қазақ хандығының туы тігілген жерді көрсету. Негізгі назар — Қозыбасы өңіріне аударылады.

Қорытындылау және бағалау

Негізгі тұжырым

Қазақ хандығының іргесі нығайып, күш-қуаты мен беделі артқан кезеңде Қозыбасы жерінде ұлттық хандықтың туы тігілді. Бүгінгі сабақта біз елдік пен тәуелсіздік жолында күрескен хандардың өмірі, ерлігі және еңбегімен таныстық.

Қазақ хандығының басты мақсаты — қазақ тайпаларын біріктіріп, ұлттық сипаттағы дербес мемлекетті қалыптастыру болды. Үш жарым ғасырдан аса тарихы бар бұл хандық қазақ мемлекеттілігінің маңызды белесі ретінде бағаланады.

Бағалау

Сабақ соңында әр топтың жинаған ұпайы қорытындыланады. Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған төсбелгі таратылады.

Уақыт

3 минут

Үй тапсырмасы

2 минут

Интернет желісінен және әдебиеттерден тың мәліметтерді іздеу, жинақтау және қысқаша қорытынды жасау.

Автор туралы

Мекеме

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Аудандық Оқушылар үйі

Жетекші

Өлкетану үйірмесінің жетекшісі — Алишева Жанаркүл Жүрсінәліевна

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!