Жай қайталау
М. Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңі бойынша сабақ жоспары
Аралас сабақ · Жаңа оқу материалын меңгерту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Туған ел деп еңіреп өткен біртуар талант, патриот ақын Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау; «Қызғыш құс» өлеңінің мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу.
Тәрбиелік
Ақын шығармаларын оқыта отырып, жас ұрпақтың азаматтық көзқарасын қалыптастыру; Отанды, елді, халықты сүюге шақыру, патриоттық рухты тәрбиелеу.
Дамытушылық
Сөз өнерін бағалауға, көркем ойдың астарын түсінуге баулу; өлең жазуға талпыныс жасауға ынталандыру; мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Жаңа сабақ: «Қызғыш құс» өлеңінің идеясы
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде ақынның еліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен Отанына деген сезімі айқын бедерленеді. Ақын адам көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра отырып, қызғыш құс пен өз тағдырын қатар қояды.
Қызғыш құс көлсіз тіршілік ете алмаса, ақын да туған елінсіз, туған топырағынсыз өмірді елестете алмайды. Махамбет көлін қорғайтын қызғыштай, елін қорғаймын деп отқа түсуге дайын.
Негізгі салыстыру
Қызғыш құстың жауы
Лашын
Махамбеттің жауы
Жәңгір
Елінен айырып, қуғынға ұшыратқан күш ретінде Жәңгір бейнесі көрсетіледі.
Сабақ барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушыларды сабаққа даярлау.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
М. Өтемісұлының «Соғыс» өлеңін әр топтан бір оқушы бір шумақтан айтып, бірін-бірі жалғастырады.
-
III. Жаңа сабақ
- Поэзия минуты: өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
- Сөздік жұмыс: негізгі ұғымдарды талдау.
- Құстар галереясы: басқа өлеңдерден құс бейнесіне қатысты үзінділер келтіру.
- Талдау: құрылысы мен көркемдік құралдарын анықтау.
-
IV. Бекіту
Сұрақ-жауап арқылы негізгі ойды жинақтау.
-
V. Үйге тапсырма
- «Қызғыш құс» өлеңін жаттау.
- Өлең мазмұнына байланысты сурет салу.
-
VI. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмалар орындауына қарай бағалау.
Сөздік жұмыс
Негізгі сөздер
- Қызғыш
- Қызғыштай қорғады, қорғаштады.
- Қорыған
- Қорғаған.
- Құсалық
- Уайым, шер, қайғы.
Құс туралы қысқаша анықтама
- Қызғыш құс
- Желкесінде қара қауырсынды айдары бар, кішкентай қоңыр ала құс. Қазақстанның барлық өңірінде мекендейді.
- Лашын
- Тегеуріні қатты, тепкіні күшті жыртқыш құс. Сұңқартектестер отрядына жатады.
«Құстар галереясы»: мәтінаралық байланыс
Оқушылар төмендегі шығармалардан құс бейнесіне қатысты үзінділерді оқып, мысал келтіреді. Үзінділер талданғаннан кейін құстардың атауы тақтаға ілінеді.
-
«Соғыс»
«Қызғыштай болған асыл ер»
-
«Арғымақтың баласы»
«Сұңқарлар үлгі алар деп»
-
«Мұнар күн»
«Лашын қуға төнген күн»
-
«Орай да борай қар жауса»
Лашын, сұңқар бейнесі арқылы астарлы ой беріледі.
-
«Аймақ көл»
«...мен де бір аққу болдым...»
-
«Қаршыға деген бір құс бар»
«Қанаты айдың астында»
Өлең құрылысы және көркемдік талдау
Құрылысына талдау
- Бунақ
- 2
- Буын саны
- 7–8
- Ұйқас түрі
- Қара өлең, шалыс, ерікті
Көркемдегіш құралдар
Эпитет
Заттың не құбылыстың ерекшелігін бейнелі түрде танытатын экспрессивті айқындаушы сөз. «Қанатың қатты, мойның бос» — эпитеттер.
Психологиялық параллелизм
Адам өзіндегі қайғы-мұңды табиғаттағы құбылыспен қатарластыра, егіздей суреттейді.
Қайталау
Назар аударту үшін сөзді не сөйлемді қайта-қайта қолдану. Түрлері: жай қайталау, анафора, эпифора, еспе қайталау.
Еспе қайталау — алдыңғы пікірдің соңын кейінгі пікірге қатыстырып қайталау. Мысалы: «Мен едім, сен едің».
Салыстыру және пікір қалыптастыру тапсырмалары
Венн диаграммасы
Махамбет ↔ қызғыш құс
Жәңгір ↔ лашын
Екі жақты түсініктеме күнделігі
Өлеңнен үзінді
...
Үзінді туралы пікір
...
Пікірталас картасы
- Махамбет өмір сүрген қоғам
- Қазіргі қоғам
Синквейн (бес жолды өлең) үлгісі
1. Зат есім
батыр
2. Сын есім
қайсар, жалынды
3. Етістік
қорғады, сүйді
4. Сөйлем
Жаудан қорғады, Отанын сүйді, еліне қамқор болды.
5. Түйін сөз
Елін сүйген жалынды батыр.
Бекіту сұрақтары
- 1. «Патриот» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- 2. Махамбет нені армандады?
- 3. «Қызғыш құс» өлеңі бойыңда қандай қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті?
- 4. Ақын негізгі ой ретінде нені айтқысы келді?
- 5. Махамбет өлеңдерінің тақырыптық өзегі қандай?