Сабақ әдістері

Сабақ тақырыбы

Сәкен Сейфуллиннің «Далада» өлеңі (6-сынып).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімді тереңдету.
  • «Далада» өлеңімен танысу арқылы өлеңнің негізгі идеясын ашу: оқу-білімге шақыру, болашақ жастарға сенім тақырыбын көтеру.

Дамытушылық

  • Өлеңді мазмұнына сай мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
  • Оқушылардың алған білімін әрі қарай жетілдіріп, өз ойын толық әрі жүйелі жеткізе білуге жетелеу.
  • Сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

Тәрбиелік

  • Өлеңді оқыту барысында эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың форматы

Сабақ түрі

Дамыта оқыту.

Сабақ типі

Жаңа білім беру.

Көрнекілік

  • Сюжетті суреттер
  • Сызбалар
  • Интерактивті тақта арқылы жұмыс

Әдіс-тәсілдер

  • Қызығушылықты ояту
  • Ой шақыру
  • Жіңішке және жуан сұрақтар
  • Категориялық топтастыру
  • «Автор орындығы»
  • Тренинг

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сыныптың дайындығын тексеру және үй тапсырмасын орындауға әзірлігін анықтау.

II. Үй тапсырмасы

5) «Жіңішке және жуан сұрақтар» стратегиясы

Жіңішке сұрақтар

  1. Жазғы даланы автор кімге теңеген?
  2. Жазда дала қандай түске енеді?
  3. Жазда даланың иісі қандай болады?

Жуан сұрақтар

  1. Неліктен автор даланы анаға теңейді?
  2. Бұл теңеудің мәні неде?
  3. Автор үшінші шумақта жазғы даланы неге теңейді?

6) Рөлдік ойын: «Жазғы дала кейпіне енейік»

Ойын шарты: жазғы табиғатты бейнелейтін образды таңдап, сол бейне ретінде сөйлеу (жан-жануар, көк майса шөп, күннің қызуы, шыбынсыз жаз, ән салған көкек және т.б.).

7) Категориялық топтастыру арқылы қорытындылау

Сұрақ: Бұл қай кезде болады?

Жауап: Көк орай шалғын бөктерде, жаздыгүні шілде туғанда болады.

III. Бағалау және рефлексия

1) «Автор орындығы»

Сәкен Сейфуллиннің жас ізбасарларын «Автор орындығына» шақыру. Өлең шығарған немесе ұйқас құрастырған оқушылар өз шығармаларын оқып, ой-толғаныстарымен бөліседі.

2) Өзін-өзі бағалау

Сабақ барысында өзін-өзі бағалау парағы толтырылып отырады.

IV. Үй тапсырмасы

  • «Далада» өлеңін жатқа айтуға дағдылану.
  • Өзін-өзі бағалау парағын толықтыру.

Құжаттар

Өзін-өзі бағалау парағы
Сәкен Сейфуллин: «Далада» (материал)