Сұйықтың кебу процесінен қайнаудың айырмашылығы
Сабақтың тақырыбы
Қайнау. Меншікті булану жылуы (ашық сабақ)
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Өткен сабақты қайталай отырып, өздігінен жаңа білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы; көрнекіліктер арқылы бағыттау және түзету; жеке және топтық бағалау.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға сұйықтардың қайнау құбылысының физикалық мәнін ашу; қайнау кезінде сұйық температурасының тұрақты болатынын дәлелдеу; әртүрлі заттардың қайнау температуралары мен меншікті булану жылуы ұғымын түсіндіру және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Физикаға деген дүниетанымды кеңейту; ой-өрісті дамыту; пікірталас жүргізу, өз бетімен іздену, шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру; теория мен практиканы ұштастыра білуге дағдыландыру; қорытындыны өздігінен жасауға және өз бетімен оқу дағдыларын қалыптастыруға бағыттау.
Тәрбиелік
Оқушыларды білімге құштарлыққа, ұйымшылдыққа, жан-жақтылыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және топтық жұмыс мәдениетіне тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер мен ресурстар
Оқу және дидактикалық материалдар
- Оқулық, плакаттар, слайдтар
- Графопроектор
- Есептер жинағы (Лукашик, Рымкевич, Мартынов, Чеботарева), тест жинағы
- Сұрақтар жинағы, бағалау парағы, сызбалар, карточкалар
Зертханалық құрал-жабдықтар
- Штатив, колба
- Спирт шамы
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
- Түгендеу
- Назарды сабаққа аудару
- Топқа бөлу
2) Негізгі кезеңдер
- 1Үй тапсырмасы
- 2Жаңа білім
- 3Қайталау — «оқу анасы»
- 4«Шырмау»: есептер (қайнау температурасы және жылу мөлшері)
Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, толғаныс
I. Қызығушылықты ояту (үй тапсырмасы тобы)
Бағалау: 1 сұрақ — 2 балл.
- 1.Заттың неше күйі бар?
- 2.Бір заттың өзі қандай күйлерде бола алады?
- 3.Заттың молекулалары қатты, сұйық және газ тәрізді күйлерде қалай орналасады?
- 4.Заттың әртүрлі күйлері немен анықталады?
- 5.Балқу дегеніміз не?
- 6.Балқу температурасы дегеніміз қандай температура?
- 7.Қатаю (кристалдану) дегеніміз не?
- 8.Қатаю температурасы дегеніміз қандай температура?
- 9.Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?
- 10.Балқу температурасында сұйық күйдегі заттың ішкі энергиясы осы заттың қатты күйдегі ішкі энергиясымен салыстырғанда қандай болады?
- 11.Булану дегеніміз не?
- 12.Конденсация дегеніміз не?
- 13.Кебу дегеніміз не?
- 14.Булану мен конденсация қарқындылығы неге байланысты?
- 15.Қаныққан бу және қанықпаған бу дегеніміз не?
II. Мағынаны тану (жаңа білім тобы)
Бағалау: 1 сұрақ — 3 балл.
- 1.Сұйықтың газ тәрізді күйге өтуінің қандай тәсілдері бар?
- 2.Булану кезінде сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардан не түзіледі?
- 3.Қайнау процесі қалай жүзеге асады?
- 4.Қайнау дегеніміз не?
- 5.Қайнау температурасы дегеніміз қандай температура?
- 6.Қайнау қандай температурада жүреді?
- 7.Қайнау процесі үздіксіз жүруі үшін не істеу керек?
- 8.Қайнау үздіксіз жүріп тұрғанда сұйықтың температурасы қандай болады? Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
- 9.Заттардың булануға қабілеттілігі немен сипатталады?
- 10.Меншікті булану жылуы дегеніміз не? (Белгіленуі, формуласы, мысал.)
Бақылау сұрақтары (видеофильм негізінде)
- Қайнау кезінде қандай құбылыстар қатар жүреді?
- Көпіршіктер неліктен және қай жерде пайда болады?
- Көпіршіктер неліктен көлемін ұлғайтады?
- Көпіршіктерге әсер ететін күштерді кескіндеп көрсетіңдер.
- Неліктен су шуылдайды?
- Сұйықтың кебуі мен қайнауының айырмашылығы қандай?
Негізгі ұғымдар мен қорытындылар
Қайнау мен кебудің айырмашылығы
- Кебу тек сұйықтың еркін бетінде жүреді.
- Қайнау сұйықтың ішінде бу көпіршіктері пайда болып, бүкіл көлемде жүреді.
- Кебу кез келген температурада, ал қайнау әр сұйыққа тән тұрақты температурада жүреді.
Қайнау температурасы
Сұйық қайнайтын температура қайнау температурасы деп аталады. Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді.
Қайнау процесі үздіксіз жүруі үшін сұйыққа сырттан үнемі энергия берілуі қажет. Бұл энергия қайнау температурасында булануға жұмсалады.
Меншікті булану жылуы
Анықтама
Меншікті булану жылуы (r) — массасы 1 кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылу мөлшері.
Өлшем бірлігі
Дж/кг
Әртүрлі сұйықтар үшін мәні тәжірибе жүзінде анықталып, кестелерде беріледі.
Формула
Q = r m
Сұйықты буға айналдыруға қажет жылу мөлшері. Конденсация кезінде де дәл осындай Q = r m жылу бөлінеді.
III. Толғаныс (қайталау — «оқу анасы» тобы)
Тапсырмалар
- Қайнау ұғымына «топтастыру» жасау
- Қайнаудың пайдасы
- Қайнаудың зияны
- Венн диаграммасы
- «5 жолды өлең»: қайнау, жылу мөлшері, масса, меншікті жылу ұғымдары
Бағалау
- 5 Венн диаграммасы немесе ірі тапсырма: 1 сұрақ — 5 балл
- 10 «5 жолды өлең»: 10 балл
IV. «Шырмау» (есептер тобы)
Бағалау: 1 есеп — 10 балл.
№1 (№61-1, Чеботарева)
Массасы 1 кг суды 100°C-та буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? 3 кг және 6 кг үшін ше?
№2 (№61-2, Чеботарева)
10 г эфирді буға айналдыру үшін қанша энергия қажет? 40 г және 80 г үшін ше?
№3 (№18, «Физика және астрономия» тест тапсырмалары)
2,5 кг су буын алу үшін қанша жылу мөлшері қажет?
№4 (№714.1, Мартынов)
180°C температурадағы 1 кг спиртті қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?
№5 (№714.4, Мартынов)
57°C температурадағы 0,1 кг сынапты қыздырып, қайнату үшін қанша жылу мөлшері қажет?
Қорытынды бөлім
Қосымша ақпарат
Сабақ барысында кестелік деректер мен тәжірибелік бақылаулар арқылы меншікті булану жылуының мәндері салыстырылады.
Үй тапсырмасы
Қайнау. Меншікті булану жылуы (теорияны оқу, формулаларды қолдануға есептер).
Бағалау және рефлексия
Бағалау парағы арқылы жеке және топтық нәтижелер шығарылады; кері байланыс ұйымдастырылады.
Сабақтың аяқталуы
Сабақ аяқталды. Көңіл қойып, аса зеректілікпен қатысқандарыңыз үшін рахмет! Сау болыңыздар!