Мәншүк кім
Сабақтың тақырыбы
С. Машақов «Мәншүк»
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың Мәншүк туралы білімін жаңа мәліметтермен толықтыру.
- Өлеңді мәнерлеп, қатесіз әрі дұрыс оқуға бағыттау.
- Өлеңнің мазмұнын ашып, талдап үйрету.
- Өздігінен жұмыс істеуге, ой-өрісті дамытуға және қорытынды шығаруға машықтандыру.
- Елін, жерін қорғауға, азаматтық пен адамгершілікке, Отанға сүйіспеншілікке және ержүректікке тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Аралас сабақ
Типі
Жаңа білім беру
Әдістері
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекіліктер
- Мәншүктің суреті
- Сызбалар
- Автордың суреті
- Ауыл ардагерлерінің суреттері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
II. Өткен сабақты бекіту
Сұрақтар
- Өткен сабақта кіммен таныстыңдар?
- Бауыржан туралы не білесіңдер?
«Топтастыру» әдісі
Талқылау
Бауыржаннан өзге қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? (Әлия, Мәншүк және ауыл ардагерлерінің суреттері көрсетіледі.)
III. Жаңа сабақ
1) Автормен таныстыру
Автор
Сәду Машақов
Туған күні: 27 қараша 1906 жыл
Туған жері: Семей облысы, Жаңа Семей ауданы, Сапарда
Шығармалары
- «Отан үшін»
- «Жылдар жыры»
- «Жастық өмір жырлары»
- «Кешкі самал»
- «Мәншүк»
2) Кейіпкер туралы қысқаша мәлімет
Мәншүк Мәметова — пулеметші, Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз.
- 5 жасында жетім қалды.
- Әмина атты тәтесі тәрбиеледі.
- 19 жасында майданға аттанды.
Ерлігімен белгілі оқиғалардың бірі — Невель қаласын азат ету жолындағы шайқастар.
Кей деректерде Мәншүктің шын есімі Мәнсия деп те айтылады.
3) Оқулықпен жұмыс
- 1 Өлеңді жатқа мәнерлеп оқып беру.
- 2 Өлеңді тізбектеп оқыту.
4) Сұрақтар мен тапсырмалар
- 1 Өлеңнің алғашқы жолдарынан қай уақыт суреттелгенін анықтаңдар.
- 2 Мәншүктің қолында қандай қару бар?
- 3 Оның аты қалай аталады?
- 4 Мәншүк — кім?
- 5 Ақын сөздерін пайдаланып, Мәншүктің ержүректілігін суреттейтін жолдарды тауып оқыңдар.
Негізгі ойды айқындайтын тіркестер
- Өлім қаупінен жасқанбаған.
- Отан үшін шайқасқан Мәншүк.
- Көзінен өрттей лапылдаған от ұшқан.
- Жаудан тайсалмаған.
5) Сөздікпен жұмыс
- Қаһарман
- Ашу-ыза (қаһар); қатты ашулану мәні.
- Қатуланған
- Ызаланған, кектенген.
- Жасымаған
- Көңілі түспеген, мойымаған.
- Қауіп
- Қорқыныш, қатер.
6) Сергіту сәті
«Мәншүк» әнін тыңдау.
7) Дәптермен жұмыс
- 1 1-тапсырманы орындап, жазу.
- 2 «Кім мерген?» ойынын ойнау.
Тірек сөйлем
Мәншүк Мәметова — пулеметші, Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз.
IV. Сабақты бекіту
- 1 Мәншүк кім?
- 2 Қай жылы туған?
- 3 Неше жасында майданға аттанды?
- 4 Оның шын есімі кім?
- 5 Биыл неше жасқа толар еді?
INSERТ әдісі
Оқушылар өз жауаптарын оқып, белгілеу арқылы қорытынды жасайды.
Бағалау
Оқушыларды «жұлдызша» арқылы бағалау.
Үй тапсырмасы
«Мәншүк» өлеңін мәнерлеп оқу.
Қосымша ұсыныс: оқу кезінде ырғағы, үні және кідірісі сақталсын.