Әуезов Абай жолы
Сабақ тақырыбы
Мұхтар Әуезов — «Ақын қонақтар»
Түрі
Дәстүрлі емес сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс
Көрнекіліктер
Абай мен Мұхтардың портреттері, «Абай жолы» томдық жинағы, Абай энциклопедиясы, мультимедиалық слайдтар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Мұхтар Әуезов туралы негізгі деректерді меңгерту.
- Абай шығармашылығына тоқталу.
- Мұхтар мен Абай арасындағы сабақтастықты түсіндіру.
- «Ақын қонақтар» әңгімесінің мазмұнын игерту.
Тәрбиелік
- Өнер адамын қадірлеуге баулу.
- Елге, тарихқа, табиғатқа, тілге деген құрмет сезімін ояту.
- Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу.
Дамытушылық
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Өмірге көзқарасын кеңейту, шығармашылық белсенділігін арттыру.
- Мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Ертегілер туралы түсінік.
- «Ертеде жетім бала болыпты…» деп басталатын ертегіні құрастыру.
VII. «Зымыран сұрақтар»
- Ертегілерде нелер баяндалады?
- Ертегілер бізге қалай жеткен?
- Ертегілердің қанша түрі бар?
- Хайуанаттар туралы ертегілер дегеніміз не?
- Қиял-ғажайып ертегілер дегеніміз не?
- Шыншыл ертегілер дегеніміз не?
- Ертегілердің тәрбиелік мәні қандай?
- Ертегілердің құрылысы қалай болады?
Оқушылардың ойдан жазып келген жетім туралы ертегілері тыңдалады. Одан кейін «жетім» тақырыбына қатысты білетін шығармалар мен мақал-мәтелдер еске түсіріледі.
Мақал-мәтелдер
- Жетім көрсең, жебей жүр.
- Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім.
- Әкесіз жетім — жарым жетім, шешесіз жетім — нағыз жетім.
- Құс қонбаған көл жетім, ел қонбаған жер жетім.
Бұрын 4-сыныпта оқылған «Жетім» әңгімесінің авторы Мұхтар Әуезов екені еске түсіріліп, бүгінгі сабақта жазушының өмірі мен «Ақын қонақтар» әңгімесі қарастырылатыны айтылады.
Жаңа сабаққа дайындық
Қарастырылатын бағыттар
- Мұхтар Әуезов туралы мәліметтер.
- «Абай жолы» эпопеясының маңызы.
- Абай туралы білімді толықтыру.
- «Ақын қонақтар» әңгімесіне талдау.
Мұхтар Әуезов және Абай әлемі
Мұхтар Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей өңірінде, Шыңғыстау бөктерінде, Абай ауылында дүниеге келген. Ол атасы Әуездің тәрбиесінде өседі. Атасы немересінің алғырлығын байқап, Абай өлеңдерін жаттатып, сөз қадірін ұғындырады. Осылайша бала Мұхтар Абай рухымен ержетеді.
Кейін Әуезов бүкіл шығармашылық ғұмырын Абай тұлғасын танытуға арнады. Соның айғағы — «Абай жолы» роман-эпопеясы: онда қазақ халқының рухы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі кең тыныспен суреттеледі.
«Мұхтар Әуезов — ақын. Ол өзінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнеледі. Әуезовтей кісі жырлаған халық шынымен бақытты ғой».
«Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы”».
Оқылатын әңгіме не туралы?
«Ақын қонақтар» әңгімесінде жасы өздеріңмен шамалас Абайдың мінез-құлқы мен талғамы танылады. Анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің аналық мейірімі, Барлас пен Байкөкше сияқты ақындарға халықтың ықыласы, қонақтарды риза етіп аттандырған сәттер нанымды әрі табиғи суреттеледі.
Жоспар
- Он үштегі Абайдың науқас күйі.
- Әңгімешіл аналар.
- Ақын қонақтар.
- Дертке табылған ем.
- Ақындарға берілген сый.
Ой қозғау: жетекші сұрақтар
- Мәтінде Абайдың сыртқы келбеті қалай суреттелген?
- Ол ермегін неден/кімнен табады?
- Ертегіні әсіресе кімнен сұрайды? Әңгіме қалай басталатын еді?
- Әжесі шаршаса, Абай кімнен әңгіме айтуды өтінеді?
- Абай қос анаға не оқып беруші еді?
- Күндердің күнінде Абайдың үйіне кімдер келеді?
- Барластың сипатын айтыңдар. Ол несімен Абайға ұнайды?
- Барлас Байкөкшеге не дейді?
- Ақын қонақтардың келуі Абайдың ауруына шипа болды ма?
Негізгі түйін
Әңгіме арқылы болашақ ақын Абайдың халқымыздың ертегі-жырларынан, өнерлі ақындардан, абзал аналардың әсерлі әңгімелерінен рухани қуат алып өскені танылады.
Абай тұлғасы
Абай — ақын, сазгер, аудармашы, дастаншы, ғұлама ойшыл, гуманист, ағартушы.
Еске түсіру
Өлеңдері: «Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба» және т.б.
Әндері: «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» және т.б.
Сөздікпен жұмыс
| Термин | Мағынасы |
|---|---|
| Тәуір болу | Жазыла бастау |
| Елдің шабысы | Ел ішіндегі дау-дамай, қақтығыс |
| Қажымай | Шаршамай |
| Қош алу | Келісу |
| Қан базардай | Өте көп адам |
| Термелеу | Белгілі бір мақамға салып орындау |
| Ұғымтал | Түсінігі жылдам, зерек |
| Сүле науқас | Созылмалы дерт, ұзаққа созылған ауру |
| Құлан-таза болып арылу | Толық жазылып кету |
| Ырым байлау | Құрмет көрсету, кәде жасау |
| Жетекке алу | Жылқыны жетектеп алып жүру |
| Дән риза | Өте разы болу |
Әдеби-теориялық ұғым
Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді.
Оқулықпен жұмыс
Мәтіннен Абай мен Барластың портретін тауып, мәнерлеп оқылады.
Семантикалық картамен жұмыс
«Иесін тап»: берілген үзінділердің қай кейіпкерге тиесілі екенін анықтау (Зере, Ұлжан, Абай, Барлас, Байкөкше).
| № | Үзінді |
|---|---|
| 1 | «Е-е, бұлдыр-бұлдыр күн өткен…» |
| 2 | «Ал, балам, әңгіме-жырдың дүкені жаңа келді…» |
| 3 | «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген…» |
| 4 | «Жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы…» |
| 5 | «Шырағым, ер жетерсің…» |
| 6 | «Келген сапарларыңа азырақ ырым байлаттым…» |
Бекіту
Кейіпкерлер әлеміне шолу
- Мұхтар Әуезов
- «Абай жолы» әлемі
«Талап қыл, ыждағатпен бас қадамды»
Зере әженің әңгімелері
- Ертегі, аңыз
- Басынан кешкендері
Ұлжан ананың сөздері
- Өлеңді, өрнекті сөз
Ақын қонақтардың үлесі
- Жыр
- Бата-тілек
Үй тапсырмасы
- «Ақын қонақтар» әңгімесі бойынша сценарий құру.
- Түсінік айту (қысқаша мазмұндау/пікір білдіру).
- Сөздік жұмысын дәптерге жазу.
- «Портрет» ұғымының анықтамасын жаттау.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, мәтінді түсінуі, сұрақтарға жауап беруі, мәнерлеп оқуы және тапсырмаларды орындауы негізінде бағаланады.