Ертегіден түсінігін айту
Сабақ тақырыбы
«Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?» (Әдебиеттік оқу)
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Әңгімені оқып, мазмұнын ашу; жақсы және жаман қылықтар туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
Алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылуға, білімді болу үшін ізденуге, төзімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-санасын, сөздік қорын дамыту; қолдың ұсақ моторикасы арқылы жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, қазақ тілі
- Әдіс-тәсілдер
- Сөздік, көрнекілік
- Сабақ түрі
- Аралас
- Көрнекіліктер
- Суреттер, үлестірме қағаздар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларға құрал-жабдықтарын дайындату.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Өткен сабақты қайталау
- Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендерін айтқызу.
- Өлеңнің «Егіннің бастары» деп аталу себебін талқылау.
- Өлеңнің соңғы екі жолын қалай түсінетінін сұрау.
- Тәкаппарлық туралы білетіндерін айтқызу.
Сергіту сәті: сөйлеуде тыныс алуды дамыту
«Алақанымызды жылытайық». Алақанымыз жылынуы үшін алақанымызға ұзақ үрлейміз.
III. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс
- Ертегіні тізбектей, іштей және дауыстап оқыту.
- Ертегі мазмұнына сай мақал-мәтелдерді оқыту.
Сөздік жұмысы
- Баспалап қарау
- Жасырынып қарау.
- Көз салу
- Қарау.
- Сыбағасы
- Өзіне тиесілі олжа.
IV. Сабақты бекіту
- Адам баласы қалай ақылды бола алады?
- Ертегіге жоспар құрастыр.
- Мәтінге басқаша қандай тақырып қоюға болады?
Фонетикалық жаттығу: таңырқау
«Біз әдемі киім көрдік. Біз қалай таң қаламыз?» — «Ай-ай-ай! Ай, иә, қандай әдемі!»
Барлығыңыз менен кейін асықпай қайталаңыз.
V. Үй тапсырмасы
- Ертегінің мазмұнын түсініп айтып беру.
- Ертегіден қандай қорытынды жасағаныңды айту.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсініп оқуы, жауаптарының нақтылығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.