Тәкаппар балық
Сабақтың мақсаты
-
Өлеңді оқыту, мазмұнын түсіндіру; сөздікке, сөз тіркестеріне, сөйлем оралымдарына назар аударту; мысалды бөлімдер бойынша әңгімелету; көркем шығармаларды оқуға қызығушылық ояту.
-
Балалардың ой-өрісін дамыту; мейірімділікке, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
-
Арам пиғылдан, іштарлықтан аулақ болуға баулу.
Сабақтың әдістері
Сұрақ–жауап, ДЖИКСО (ұжымдық оқыту), ой қозғау, ой толғаныс.
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Көрнекілігі
Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын дайындатып, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
А) Бердібек Соқпақбаевтың «Бурыл ат» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
Ә) «Сынау» жүйесі арқылы білімді тексеру:
- Әңгімедегі оқиға қай ұлттық ойынның желісіне құрылған?
- Сынампаз қариялар жарысқа қатысатын бурыл ат туралы не айтты?
- Бурыл аттың бәйгеден бірінші келетініне кім сенімді болды?
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта Шона Смаханұлының «Тәкаппар» мысалымен танысамыз.
Ой қозғау (қызығушылықты ояту)
- Мысалдың мазмұнын қысқаша айтып шығу.
- Өлеңнің кейіпкері кім?
- Өлең қандай тақырыпты қозғайды?
Мағынаны тану (оқулықпен жұмыс)
- Мұғалімнің оқуы.
- Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Мәтінмен жұмыс: тізбектей оқу, рөлге бөліп оқу.
IV. Сергіту сәті
«Балық аулау» ойыны.
ДЖИКСО әдісі (ұжымдық жұмыс)
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді оқып, бөліктерге бөліп, жоспар құрады.
1) Тәкаппар балық
Кейіпкердің мінезі мен әрекеті.
2) Балықтың қиналуы
Мінез салдары мен жағдайдың шиеленісуі.
3) Қателікті түсіну
Түйін, тәлімдік ой.
Тірек нұсқа
«Тәкаппар» сөзінің мағынасын ашу:
Сөздік жұмысы
- Даттапты
- Сыртынан сөз айту, жамандау.
Ой толғаныс (Венн диаграммасы)
Оқушылар Венн диаграммасын толтырып, жағымды және жағымсыз қасиеттерді салыстырады. «Тәкаппар» сөзінің қай қасиетке жататынын анықтайды (жағымсыз).
Жағымды қасиеттер
- Мейірімділік
- Адалдық
- Кішіпейілділік
Жағымсыз қасиеттер
- Тәкаппарлық
- Іштарлық
- Арам пиғыл
Ой түйіндеу
Мысалдан автордың қорытынды ойы берілген жолдарды тауып, соған сәйкес мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіру.
V. Үй тапсырмасы
Шона Смаханұлының «Тәкаппар» мысалын оқып келу.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, мәтінді түсінуі, топтық жұмысқа қатысуы және жауаптарының мазмұндылығы бойынша бағалау.