Көбейтудің үлестірімділік қасиеті
Сабақ туралы мәлімет
Пән / Сынып
Математика, 3-сынып
Сабақ тақырыбы
Санның квадраты. Санның кубы
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Жабдықтар
- Сызбалар
- Деңгейлік тапсырмалар
- Карточкалар
- Слайдтар
- Ойын үлгілері
Сабақ түрі және әдістері
Түрі
Аралас сабақ
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту
Жалпы мақсаттар
Білімділік
Оқушыларға санның квадратын және кубын табуды үйрету.
Дамытушылық
Жаттығулар арқылы алған білімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Алғырлыққа, дұрыс есептеуге және жинақтылыққа тәрбиелеу.
Ынтымақтастық атмосферасы
Кәне, түзу тұрайық,
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте болып қалайық.
Ұран (хормен): Есептеуді білмейтін адам — түк білмейтін надан.
Кезең
Үй тапсырмасын сұрау
Кезең
Қызығушылықты ояту
Кезең
Мағынаны тану
Кезең
Ой толғаныс
Өтілген материалды қайталау
1) Сәйкес формуланы қой
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті
(a + b) · c = a · c + b · c
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
a · b = b · a
Көбейтудің терімділік қасиеті
(a · b) · c = a · (b · c)
2) Жауабын тап
Төмендегі амалдарды орындаңыз (ауызша немесе жазбаша).
Жаңа материалмен жұмыс
Қосу мен көбейтуді салыстыру
Өрнектер
3 + 3
3 · 3
Ұқсастығы мен айырмашылығы
- Екеуі де өрнек.
- Мәнін табу үшін әрқайсысы бір амалмен орындалады.
- Айырмашылығы: біріншісі — қосынды, екіншісі — көбейтінді; нәтижелері әр түрлі (себебі амалдары әр түрлі).
Көбейту амалы бірдей қосылғыштардың қосындысы арқылы түсіндіріледі:
4 + 4 = 4 · 2
4 · 4 = 4 + 4 + 4 + 4
Санның квадраты және кубы
Негізгі анықтама
- Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі — сол санның квадраты.
- Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі — сол санның кубы.
Мысалдар
4 · 4 = 16
4² = 16
2 · 2 · 2 = 8
2³ = 8
Карточкамен жұмыс (түсінуді тексеру)
Оқулықпен жұмыс
№1
Өрнектерді салыстыру.
№2–№4
Тапсырмаларды орындау (№3 — ауызша).
Жаңа ұғымды бекіту
а) Көбейтіндіні квадрат немесе куб түрінде жазыңыз.
8² = 8 · 8
4³ = 4 · 4 · 4
ә) Квадрат/кубты көбейтінді түрінде жазыңыз.
Оқушылар бірнеше мысалды өздері құрастырып жазады.
Есеп шығару (топтастыру)
№5 есеп
Шарты
- Әкелінгені: 10 түрден, әрқайсысы 5 ағаш
- Отырғызылғаны: 4 түрінен, әрқайсысы 5 көшет
- Қалғаны: ? көшет
Шешуі
10 · 5 = 50 (ағаш)
4 · 5 = 20 (көшет)
50 − 20 = 30
Жауабы: 30 ағаш көшеті қалды.
Шығармашылық тапсырма
(2³ − 2²) : 2 = 1
(3 · 3²) : 3³ = 1
Интеллектуалды сергіту (слайдпен жұмыс)
-
1. Қандай екі санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең?
-
2. Ең кіші әр түрлі үш таңбалы сандардың қосындысы нешеге тең?
-
3. 1, 3, 5, 7, 9 сандарының орындарын ауыстырып, үшеуден қосқанда 15 шығатындай етіп құрастырыңыз.
-
4. Атайдың жасы ең кіші әр түрлі үш таңбалы саннан тұрады. Атай нешеде?
-
5. Тығылған цифрларды табыңыз.
6A4A + A − A = 70 40
Ескерту: тапсырма бастапқы жазылу үлгісіне сай берілді; оқушы оны слайдтағы форматпен сәйкестендіріп түсіндіреді.
-
6. Атасы мен әжесінің туған күні бір күнде. Бірақ олар құрдас емес. Неге?
-
7. 4 баланың неше саусағы бар?
-
8. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш болады?
Қорытынды
1) Санның квадраты
Санның квадратын қалай анықтаймыз?
2) Санның кубы
Санның кубын қалай анықтаймыз?
3) Практика
Көрнекіліктерді пайдаланып, санның квадратын және кубын табу.
Негізгі ұғымдар: Санның квадраты Санның кубы