Сөйлемнің қандай мүшелерін білерсің

Сабақ туралы мәлімет

Сынып жетекшісі
Акишева Айнұр
Пән
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Сөйлем мүшелері
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
Венн диаграммасы, топтастыру, сұрақ-жауап, тірек-сызба
Көрнекіліктер
Суреттер, мақал-мәтелдер, Венн диаграммасы, тірек-сызба, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану, ән-күй, орыс тілі

Сабақтың мақсаты

1) Білімді бекіту

Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері және олардың байланыстары туралы білімін нығайту. Сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемдерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету.

2) Ойлау мен тіл дамыту

Сөйлем мүшелерін ажырата білуге, сөйлемнің мәнін терең түсініп, мағынасын аша білуге дағдыландыру. Оқушылардың ойлау қабілетін және тіл мәдениетін дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге және сөзді орынды қолдануға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқушы зейінін сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.

Бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген мақал бар. Сондықтан бүгін білімімізді жинақы да нақты көрсетеміз.

Сабақ жоспары

Жоспар тақтада көрсетіледі. Сабақ төмендегі бөлімдер бойынша ұйымдастырылады:

  1. 1. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»

    Тірек-сызба арқылы өткенді қайталау.

  2. 2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

    Жаңа тақырыпқа кіріспе және топтық жұмыс.

  3. 3. «Бойы сергектің — ойы сергек»

    Белсенділік пен шапшаң ойлауға бағытталған тапсырмалар.

  4. 4. «Еңбек түбі — береке»

    Жаттығулар арқылы бекіту.

  5. 5. «Кімнің ойы жүйрік?»

    Жылдам сұрақ-жауап.

  6. 6. «Білгенге — маржан, білмегенге — арзан»

    Түсінгенді дәлелдеу, қорытындылау.

  7. 7. Венн диаграммасы

    Ұқсастық пен айырмашылықты салыстыру.

  8. 8. «Аймақ құру»

    Ұғымдарды жүйелеу және жинақтау.

Өткенді қайталау: тірек-сызбамен жұмыс

«Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей, жаңа тақырыпқа өтпес бұрын өткенді еске түсіреміз. Тірек-сызба арқылы төмендегі сұрақтарға жауап береміз:

  • Өткен сабақта қандай тақырыптармен таныстық?
  • Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  • Сөйлем мүшелерінің қандай түрлерін білесің?
  • Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің айырмашылығы қандай?
  • Бастауыш дегеніміз не?
  • Баяндауыш дегеніміз не?

Осы сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды қайталап, жаңа сабаққа дайындық жасаймыз.

Жаңа сабақ: жұмбақ арқылы кіріспе

Жұмбақ

Мамықтай ақ,
Қанттай аппақ,
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.

Жауабы: қар

Әңгімелеу сұрақтары

Қазір қандай жыл мезгілі?

Оқушылар өз ойларын дәлелдеп айтады.

Қар қай мезгілде болады?

Жауап: қыста.

Қыстың жағымды және жағымсыз жақтары қандай?

Талқылау слайд арқылы бекітіледі.

Слайд материалдары

«Сөйлем мүшелері» тақырыбы бойынша слайд көрсетіледі. Қажет болған жағдайда слайд материалдары жүктеледі.

Сөйлем мүшелері Интерактивті тақта Слайд