Білерімнің куәсі, Білмесімнің куәсі

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Жұмбақтар елі» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз. Ең алдымен «жұмбақ» ұғымына тоқталмас бұрын мына сұраққа жауап беріп көрейік: халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?

Халық ауыз әдебиетінің үлгілері

Ертегілер, аңыздар, өтірік өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, төрт түлік туралы жырлар және т.б.

Жұмбақ — ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол бір нәрсенің белгісін екінші нәрсенің белгісі арқылы астарлап, тұспалдап айту өнері. Жұмбақ көбіне тақпақтап, ұйқастырып айтылады. Ежелден келе жатқан жанр болғанымен, халық әр кезеңде оның жаңа түрлерін ойлап тауып отырған.

Мұхтар Әуезов: «Жұмбақ — адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Жұмбақ — қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы. Оны шешу де, ойлап табу да — өнер.

Ендеше, осы сайыс арқылы өнеріміз бен білімімізді ортаға салайық. Бүгінгі сабақ сайыс форматында өтеді: екі топ өздерін таныстырады, ал әділқазы әр тапсырманың дұрыстығын тексеріп, ұпай береді. Қорытынды ұпай сайыс соңында жарияланады.

Сайыс кезеңдері

  1. I кезең — Таныстыру

    Топ таныстырым

    Әр топ: топ атауын, ұранын және сәлемдесуін таныстырады.

  2. II кезең — Құпия сөздер

    Сөзжұмбақ

    Берілген сұрақтарға жауаптарды торкөздерге әріптеп орналастырасыңдар. Сөзжұмбақтағы белгіленген сөзге байланысты әр топ мақал-мәтел құрастырады. Неғұрлым көп мақал айтылса, ұпай да соғұрлым жоғары болады.

  3. III кезең — Полиглот

    Аударма

    Жұмбақтың жауабын тауып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аударасыңдар.

  4. IV кезең — Жасырынбақ

    Өз жұмбағың

    Екі топ өздері дайындап келген 5 жұмбақты қарсылас топқа жасырады.

  5. V кезең — Ойна да ойла

    Ым-ишара

    Суреттегі бейнені қимыл-қозғалыс, ым-ишара арқылы топ басшысына түсіндіру.

I кезең — Таныстыру (үлгі)

«Алғырлар» тобы

Ұраны

Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесу

Қиындықтан қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.

«Тапқырлар» тобы

Ұраны

Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

Сәлемдесу

Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

III кезең — Полиглот (жұмбақтар)

Төмендегі жұмбақтардың жауабын тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аударыңдар.

1) Жұмбақ

Сыртта — арқаңда, сыныпта — партаңда.

Қаз: сөмке

Рус: сумка

Eng: a bag

2) Жұмбақ

Білерімнің куәсі, білмесімнің куәсі.
Іші толған қолтаңба, алып шығам әр таңда.

Қаз: күнделік

Рус: дневник

Eng: a diary

3) Жұмбақ

Есек құлақты, мысық аяқты.
Түйе ерінді, ешкі құйрықты.

Қаз: қоян

Рус: заяц

Eng: hare

4) Жұмбақ

Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.

Қаз: тоты құс

Рус: попугай

Eng: parrot

5) Жұмбақ

Өзі дана, үні жоқ.
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң — шешен,
Ақылы асқан көсем.

Қаз: кітап

Рус: книга

Eng: book

6) Жұмбақ

Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.

Қаз: алма

Рус: яблоко

Eng: apple

7) Жұмбақ

Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен.

Қаз: құмырсқа

Рус: муравей

Eng: ant

8) Жұмбақ

Шәкіртке жанашыр,
Мейірімді, жаны асыл.

Қаз: мұғалім

Рус: учитель

Eng: teacher

9) Жұмбақ

Төрт аяқты чемодан, мүйізі бар қадаған.
Естімейді, сөйлейді, ішіндегі көп адам.

Қаз: теледидар

Рус: телевизор

Eng: TV

10) Жұмбақ

Адамға серік,
Күзетке берік.

Қаз: ит

Рус: собака

Eng: dog

Қорытынды және дерек

Әр кезеңнің нәтижесін әділқазы бағалап, ұпай береді. Сайыс соңында жалпы қорытынды шығарылып, жеңімпаз топ анықталады.

Автор туралы мәлімет

Аймақ
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы
Мектеп
Георгиевка орта мектебі КММ
Лауазымы
Бастауыш сынып мұғалімі
Аты-жөні
Улыбаева Бақыт Әлімханқызы