Армысыңдар балалар

Мерекелік кіріспе

Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға балалар әуен ырғағымен жұптаса кіріп, орындықтарға жайғасады.

Тәрбиешінің құттықтауы

Ақ тілекті ағытып бір тастайық, Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын, Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Қадірлі аналар көңілі көктемдей жайнап, гүл алсын.
Бақытқа толы өмірі шаттыққа шаттық ұлассын.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, балабақша басшысы мен ару апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі — 8 Наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ана туралы ой

Ана — керемет асыл жан. Түн ұйқысын төрт бөліп, шөлдесең шырын беретін, әні мен ертегісімен әлдилейтін, оянған сәтте жүрекке жылу сыйлайтын — бәрі де Анадан бастау алады.

Бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әнмен бастайық. Мейірімді де сүйкімді аналар мен әжелерге «Ақ мамам» әнін арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

Өлеңнен шашу

Тәрбиеші

Аналарға енді жырдан шашу шашайық.

Аяулым

Жыл басы — Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Аналар тойы — береке,
Тіршілік жаңа оянды.

Таңқалдыру сәті: Көктемнің келуі

Есік қағылып, көк көйлегі желбіреген, себеті көктем гүлдеріне толы Көктем кіріп келеді.

Көктем

Армысыңдар, балалар!

Былтыр сендер кішкентай ғана бүлдіршін едіңдер, ал қазір есейіп, көркейіп кетіпсіңдер.

Балалар

Армысыз, сұлу Көктем!

Тәрбиеші

Ару Көктем, сізді көргенімізге өте қуаныштымыз! Бізбен бірге аналар мерекесіне арналған жыр шашуды және мың бұралған биімізді тамашалаңыз.

Балалардың арнаулары

Бернұр

Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның — таң мекен.
Менің айдай анаммен,
Асқан сұлу бар ма екен?!

Ақмаржан

Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағында қысылмай.

Инсана

Гүл-гүл жайнап бәріміз,
Кіреді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен,
Құттықтаймыз бәріміз.

Би нөмірі

Орыс биі: Аяулым, Ақмаржан, Инсана.

Аман

Өлең айтып береміз,
Демалсын біздің мамамыз.
Маманы жақсы көреміз,
Бәріміз айбат баламыз.

Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті — нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен?

Жеке ән

«Анашым»

Әлихан

Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.

Жалғас

Біліп тұрсың, жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күштісі сол — баладан,
Ана менен Отанның.

Дәулет

Ана — біздің күніміз,
Ана — біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Ойын: «Гүлдерді жина»

Көктем

Балалар, жарайсыңдар! Енді менімен бірге ойын ойнайық.

Ойын шарты: бастаушы себеттегі гүлдерді жерге шашады. Балалар гүлдерді жинап, олардың санын және түсін айтып береді. Ойын 2–3 рет қайталанады.

Хор және шағын көріністер

Хор

«Мама в день 8 марта»

Ярослав

Я один у мамы сын,
Нет у мамы дочки.
Как же маме не помочь
Постирать платочки?

Мыло пенится в корыте —
Я стираю, посмотрите.

Жанна

Любит наша бабушка
С нами поиграть.
Любит наши песенки
С нами распевать.

Әжелерге арнау

Балалар, ақ жаулықты әжелерімізді де құттықтайық!

Еркеназ

Менің әжем — гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін —
Нағыз ана — тіл әжем.

Сабина

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі —
Қандай ғажап күлкісі.

Зарина

Мейірімді жібектей,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
«Құлыным» деп құшады.

Санжар

Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.

Жеке ән

«Менің әжем әдемі»

Рамазан

Әжем менің — ақ әжем,
Сені жақсы көремін.
Ертең үлкен болғанда,
Көйлек алып беремін.

Еркенұр

Маған ақыл беретін,
Әжем менің — асыл жан.
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан.

Айназ

Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.

Би нөмірі

Вальс: Қ. Нұрдәулет — Аружан, Е. Нұрдәулет — Еркежан, Мирас — Ақтоты.

Соңында балалар аналарына гүлдерін өз қолдарымен таратады.

Қорытынды тілектер

Сабина

Әлпештеген баласын —
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.

Әділ

Айтсаң болды — тіл алам,
Айбат мамам, ай мамам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.

Хор

«Қалсын апам қуанып»

Осымен ортаңғы топтың аналар мерекесіне арналған ертеңгілігі аяқталды. Сау болыңыздар!

Балалар жұптасып топтарына қайтады.