Қостанай облысында орналасқан қорық

Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтиже

Сабақта оқушылар Қазақстандағы қорықтардың маңызы мен қызметін түсініп, олардың орналасу аймақтарын картадан таба алады. Сонымен қатар табиғат нысандарын қорғаудың қажеттілігі туралы өз көзқарасын қалыптастырады.

Дамытушылық

Ойлау, есте сақтау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Танымдық

Қорық, қорықша, ұлттық парк, табиғи қорықша, ботаникалық және дендрологиялық бақ ұғымдарын нақтылау.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, сабақтың тақырыбы мен тәртібін еске салу.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Зымыран сұрақтар»

Өткен тақырыпты жылдам сұрақтар арқылы қайталау.

  1. 1. Қорық дегеніміз не?
  2. 2. Қорықшалар не үшін ашылады?
  3. 3. Қазіргі кезде дүние жүзінде қанша қорық бар?
  4. 4. Ең алғашқы ұлттық саябақ қай мемлекетте ашылды?
  5. 5. Табиғи қорықшалар дегеніміз не?
  6. 6. Ботаникалық бақтарда қандай өсімдік түрлері қорғалады?
  7. 7. Дендрологиялық бақтарда ағаштың қандай түрлері сақталған?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқушыларға сабақтың мақсаттары түсіндіріледі: бүгін біз «Қазақстанның қорықтары» тақырыбымен танысамыз.

Негізгі сұрақтар:

  • Қазақстанда неше қорық бар?
  • Олардың атауларын білесіңдер ме?

Жаңа материал слайд-презентация арқылы кесте түрінде түсіндіріліп, карта және иллюстрациялармен толықтырылады.

Жаңа тақырыпты бекіту: тест тапсырмалары

Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін көп таңдаулы тест ұсынылады.

1) Қазақстанда неше қорық бар?

  • A) 8
  • B) 5
  • C) 10
  • D) 12
  • E) 20

2) Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?

  • A) Астананың қасында
  • B) Алматының қасында
  • C) Арал теңізінің қасында
  • D) Торғай облысында
  • E) Қаратаудың жанында

3) Барсакелмес қорығы қай жылы құрылды?

  • A) 1930
  • B) 1935
  • C) 1968
  • D) 1939
  • E) 2004

4) Алматы қорығы қай жерде құрылған?

  • A) Астана облысында
  • B) Алматы облысында
  • C) Арал теңізінің қасында
  • D) Торғай облысында
  • E) Қаратаудың жанында

5) 1939 жылы қандай қорық құрылды?

  • A) Алматы
  • B) Ақсу-Жабағылы
  • C) Қорғалжын
  • D) Барсакелмес
  • E) Наурызым

6) Ақсу-Жабағылы қорығы қай жылы құрылды?

  • A) 1930
  • B) 1935
  • C) 1926
  • D) 1939
  • E) 2004

7) 1992 жылы қай қорық құрылды?

  • A) Алматы
  • B) Ақсу-Жабағылы
  • C) Қорғалжын
  • D) Батыс Алтай
  • E) Наурызым

8) Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?

  • A) Астана қаласынан 140 км жерде
  • B) Алтайда
  • C) Арал теңізінің қасында
  • D) Торғай облысында
  • E) Қаратаудың жанында

9) 1998 жылы қандай қорық құрылды?

  • A) Алакөл
  • B) Ақсу-Жабағылы
  • C) Қорғалжын
  • D) Қаратау
  • E) Наурызым

10) Үстірт қорығы қай жерде құрылды?

  • A) Астана облысында
  • B) Алтайда
  • C) Маңғыстау облысында
  • D) Торғай облысында
  • E) Қаратаудың жанында

Сөзжұмбақ арқылы бекіту

Негізгі ұғымдар мен қорық атауларын есте сақтауға бағытталған тапсырма.

1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық

Жауабы: Үстірт

2. Ең алғаш құрылған қорық

Жауабы: Ақсу-Жабағылы

3. Қостанай облысында орналасқан қорық

Жауабы: Наурызым қорығы

4. Ең соңғы ашылған қорық

Жауабы: Қаратау қорығы

5. Қоқиқаз құсы кездесетін қорық

Жауабы: Қорғалжын

Қорытындылау

Кескін картамен жұмыс

Қорықтардың орналасқан аймақтарын картадан тауып, белгілеу.

Бағалау және кері байланыс

Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

§60. Мәтінді оқу.