Жаңа сөздер. Мағынаны тану

Сабақтың тақырыбы

Мен шырын ішемін

Сабақтың мақсаты

  • 2.1.3.1

    Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 1–1,5 минут) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото, сюжетті суреттер мен сызбаларды таңдап, сипаттау.

  • 2.2.3.1

    Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қызығушылығына қарай сұхбаттасқа сұрақ қою, диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану.

  • 2.3.2.1

    Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалар мен сөйлемдердің мағынасын түсіну.

  • 2.4.5.1

    Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді дұрыс жазу.

Жаңа сөздер

  • Шырын

  • Тәтті

  • Ішу

  • Алма

  • Анар

Қолданылатын әдістер

  • Түсіндіру, сипаттау, сұрақ-жауап
  • «Ыстық алақан» тренингі
  • Ой шақыру әдісі
  • Ассоциограмма, диаграмма
  • Жеке әңгіме техникасы

Керекті құрал-жабдықтар

  • A4 парағы
  • Түрлі түсті қарындаштар
  • Фломастерлер мен маркерлер
  • Альбомдар
  • Желімқағаздар

Дереккөздер

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын арттыру үшін «Ой шақыру» әдісін қолданамын. Тақтада «шырын» сөзіне ассоциограмма құрастырамыз.

II. Мағынаны тану

1) Сөздікпен жұмыс

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, аудармасын айтамын. Сөздерді оқып, оқушыларға қайталатамын.

Қазақша

Орысша

Шырын

сок

Тәтті

вкусный

Ішу

пить

Алма

яблоко

Анар

гранат

2) «Дұрыс айт!»

Берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырамын, бірнеше рет қайталатамын.

Тәтті Ішемін [ішем] Шырын

3) Мәтінмен жұмыс

Тыңда • Қайтала • Оқы

Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатамын. Сөздердің мағынасын түсіндіремін.

Мәтін

Біз үзілісте асханаға барамыз.

Асханадан шырын ішеміз.

Маған алма шырыны ұнайды.

Алма шырыны тәтті.

Анар шырыны тәтті емес.

Мен шырын ішемін.