1643 - 1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі
Кіріспе
«Білім деген биік шың — бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың — қиындықтан өткізер».
Осы ойды арқау ете отырып, бүгінгі «Жұлдызды сағат» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Армысыздар, құрметті қауым, ардақты ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар! Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған сайыскерлерге қош келдіңіздер!
Бүгін — Физика апталығының қорытынды кешіне арналған «Жұлдызды сағат» сайысы. Ортаға назар аударайық: сайыскерлерді ду қол шапалақпен қарсы алайық.
Сайыскер №1
7-сынып оқушысы
Сайыскер №2
7-сынып оқушысы
Әділқазылар алқасына
Әділқазылар алқасына сәлем! Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір — сарапқа салып, әділ шешім шығарыңыздар.
Жарыс заңы ежелден: жеңімпаз болу — еңбек пен табандылықтың жемісі. Ендеше, сайысты бастайық — өнерлеріңізді көрсетіңіздер!
I тур
Өткел
Қарап тұрмай өткелден өтіңіздер: шәкірттерге әділ баға беріңіздер. Өткелден өткен жүйріктер келесі кезең — «Белеске» жолдама алады.
Ереже
- Физикаға қатысты тұжырымдар беріледі.
- Жауап форматы: «иә» немесе «жоқ».
- Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
- Жауап беру уақыты — 2 минут.
Сұрақтар
1) Заттың үш күйі бар.
Иә2) Температураны өлшейтін құрал — динамометр.
Жоқ3) Желді күні асфальт беті тез кебеді.
Иә4) Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі — джоуль.
Иә5) Мылтық жылу қозғалтқышына жатады.
Жоқ6) Мұз ерігенде энергия бөлінеді.
Жоқ7) Массаның өлшем бірлігі — килограмм.
Иә8) Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы кристалдану деп аталады.
ЖоқII тур
Белес
Адам — алып ісімен, белес — ой тастаған түсімен. Зерделі ұрпақ заманды физикалық заңдылықтар күшімен алға жылжытады.
Бұл кезеңде ғылымда аты қалған алыптарды танимыз. Қараңыз, ойланыңыз, зерек болсаңыз — тұлғаларды шатастырмайсыз.
Ереже
- Әр сайыскерге 1 сұрақ беріледі.
- Дұрыс жауап — 10 балл.
- Осы турдан кейін ұпайы аз 2 оқушы сайыстан шығады.
Сұрақтар
1-сұрақ
1623–1662 жылдары өмір сүрген. Көптеген бақылауларға сүйене отырып, сұйықтар мен газдар қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінін дәлелдеген француз ғалымы.
Жауабы: Блез Паскаль
2-сұрақ
Б.з.д. 287–212 жылдары өмір сүрген ежелгі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тұжырымдап, гидростатика заңын ашқан.
Жауабы: Архимед
3-сұрақ
Тізбек бөлігіндегі ток күші, кернеу және кедергі арасындағы заңды теориялық тұрғыдан тұжырымдап, тәжірибе арқылы дәлелдеген неміс физигі.
Жауабы: Георг Ом
4-сұрақ
Электр тогы туралы ғылымның дамуына жол ашқан итальян физигі. Алғашқы гальваникалық элементті жасаған.
Жауабы: Алессандро Вольта
5-сұрақ
1643–1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарық қасиеттерін зерттеп, жоғары математиканың маңызды салаларын дамытқан. Денелер қозғалысының негізгі заңдарын және бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан.
Жауабы: Исаак Ньютон
6-сұрақ
XVII ғасырдың басында аспан денелерінің орбиталары шын мәнінде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты ашқан, 1571–1630 жылдары өмір сүрген неміс астрономы кім?
Жауабы: Иоганн Кеплер
Осы тур қорытындысы бойынша ұпайы төмен екі оқушымен қоштасамыз.
III тур
Ойлан тап!
Келесі кезең — «Ойлан тап!». Бұл турда әр ойыншыға 4 жұмбақтан беріледі. Жұмбақтарды шешу арқылы ойыншылар қоржындарын ұпаймен толықтырады.
Ереже
- Әр ойыншыға 4 жұмбақ ұсынылады.
- Әр дұрыс жауап — 5 ұпай.
Дайын болсаңыздар, бастаймыз. Мұқият болыңыздар!