Кемпірқосаққа қара, Әрбір түстерін сана

М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп

Орындаған

1-сынып оқушысы: Тасболат Мадина Серікқызы

Жетекшісі

Ғылыми жоба жетекшісі: Жұмабекова Ақмөр Мырзәліқызы

Тақырыбы

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Кемпірқосақ

Кіріспе

Кемпірқосақ — аспан күмбезінде түрлі түсті доға болып көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол көбіне аспанның бір жағында жаңбыр жауып, ал қарсы жағында күн жарқырап тұрған сәтте байқалады.

Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшыларынан өткенде сынуға ұшырап, құрамдас түстерге бөлінуі және тамшы бетінде шағылуы нәтижесінде пайда болады. Әр түрлі толқын ұзындығындағы сәулелердің таралуы кезінде дифракция мен интерференция құбылыстары да әсер етеді.

Кемпірқосақ қалай пайда болады?

Қапырық ыстықтан кейін бұлт қоюланып, нөсер жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейіліп, көкжиектен батып бара жатқан күн көрінеді. Дәл осы кезде тарай бастаған қара бұлт арасынан жерге қарай иілген алып доға тәрізді кемпірқосақ пайда болады.

Біз күн сәулесін әдетте аппақ жарық ретінде көреміз. Алайда ол шын мәнінде бірнеше түстен тұрады. Сәуле жаңбыр тамшылары арқылы өткенде түстерге бөлініп, аспанда кемпірқосақ болып көрінеді.

Түстердің орналасуы

Доғаша келген кемпірқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады. Ішкі жиектеріне қарай басқа түстер кезектесіп көрініп, ең соңында көк және күлгін түстер байқалады.

Негізгі түстер

  • Қызыл
  • Қызғылт сары (сарғылт)
  • Сары
  • Жасыл
  • Көгілдір
  • Көк
  • Күлгін

Өлең жолдары

Мөлдіреп моншақ шашылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте қызыл, жасылды —

Кемпірқосақ асылды.

«Кемпірқосақ әні»

Жаңбыр бітті, алақай!

Далаға шық, балақай!

Кемпірқосаққа қара,

Әрбір түсін сана!

Бірінші түсі — қызыл қызғалдақтай.

Екінші түсі — қызғылт сары балдай.

Үшінші түсі — сап-сары тарыдай.

Төртінші түсі — көгілдір аспандай.

Бесінші түсі — жасыл жапырақтай.

Алтыншы түсі — көк көлдің суындай.

Жетінші түсі — күлгін орамалдай.

Тәжірибе: ақ парақтағы кемпірқосақ

Кемпірқосақты шағын тәжірибе арқылы өз көзіңізбен көруге болады. Ол үшін күн сәулесі түскен қолайлы сәтті таңдаңыз.

Құрал-жабдықтар

  • Ақ парақ қағаз
  • Шыны әйнек
  • Күн сәулесі

Орындалу тәртібі

  1. Күн сәулесі түскен кезде терезе жалюзин (пердені) жауып, арасынан кішкене саңылау қалдырыңыз.
  2. Саңылаудан өткен күн сәулесін шыны әйнек арқылы бағыттаңыз.
  3. Шыныдан өткен сәулені ақ параққа түсіріңіз.
  4. Парақ бетінде түрлі түсті жолақтар пайда болып, кемпірқосақ көрінеді.