Тарқаған өкпе

Сабақ тақырыбы

Тақырыбы: «Тарқаған өкпе»

Білімділік

Оқушыларға сабақ мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, өз ойларын тұжырымдап, қорытынды шығаруға үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Оқушыларды достыққа тәрбиелеу, жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу.

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу — мәтін мазмұнын жүйелі баяндау.
  • Сұрақ-жауап — ойды дәлелдеуге және пікір айтуға ынталандыру.

Көрнекілік және дәйексөздер

«Асығыстықтың түбі — өкініш, ойланып алмақ — сабыр.»

«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.» — М. Әуезов

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу:

Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

Үй тапсырмасын тексеру

(Шеңбер бойымен әңгімелеу, пікір алмасу)

  1. Берік газетті рұқсатсыз алып кеткеннен қандай келеңсіздік туды?
  2. Беріктің «Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?!» деген ойына сен не айтар едің?
  3. Беріктің қылығына көзқарасың қандай?
    • Мұны ұрлық деуге болады.
    • Бұл — ойланбай жасалған, көңіл аударуға тұрмайтын іс.
  4. Егер Берік өз үйінде үстел үстінде жатқан газетті байқап қалса, оқиға қалай өзгерер еді?
  5. Әңгіме неліктен «Өкініш» деп аталған?

Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын жұмбақ арқылы тапқызу.

А)

Көкте бар,
Құмда жоқ.
Сөлде бар,
Суда жоқ.

Жауабы: Ө

Ә)

Кептерде бар,
Торғайда жоқ.
Бөктерде бар,
Тоғайда жоқ.

Жауабы: К

В)

Партада бар,
Тақтада жоқ.
Арпада бар,
Мақтада жоқ.

Жауабы: П