Франция жерлерінің бірігуі
Сабақтың тақырыбы
XI–XV ғасырлардағы Франция
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: Франция жерлерінің бірігуі, Жүз жылдық соғыс, француз халқының басқыншыларға қарсы күресі және елдің тұтастануы туралы түсіндіру.
- Дамытушылық: есте сақтау, логикалық ойлау, картамен және тірек-кестелермен жұмыс істеу, сөзжұмбақ шешу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: өзге елдердің тарихын талдау арқылы азаматтық және патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі
Интерактивті сабақ
Әдістері
- Тірек-кестемен жұмыс
- Картамен жұмыс
- Хронологиялық кесте
- Үлестірмелі карточкалар
- Баяндау
- Сөзжұмбақ шешу
Көрнекілігі
- Карта
- Тірек-кесте
- Үлестірмелі карточкалар
- Интерактивті тақта
- Хронологиялық кесте
- Сөзжұмбақ
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Оқушыларды түгендеу және сабаққа бағыттау
-
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Сұрақ–жауап
- Үлестірмелі карточкалармен жұмыс
-
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Франция жерлерінің бірігуі, Жүз жылдық соғыс және елдің саяси тұтастануының алғышарттары қарастырылады.
-
IV. Бекіту
Негізгі ұғымдар мен оқиғаларды тапсырмалар арқылы бекіту, карта және кестелермен жұмыс.
-
V. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындау белсенділігі негізінде бағалау.
-
VI. Үй тапсырмасын беру
Келесі сабаққа дайындық тапсырмаларын түсіндіру.
XI–XV ғасырлардағы Франция: негізгі мазмұн
Жоспар
- 1. Франция жерлерінің бірігуі
- 2. Жүз жылдық соғыс. Жакерия
- 3. Француз халқының басқыншыларға қарсы күресі. Жанна д’Арк
- 4. Елді саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттары
- 5. XI Людовик және корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі
Негізгі ұғымдар
- Домен
- Корольдің жеке иелігі (король домені).
- Бас штаттар
- Ауқатты қала тұрғындары, дінбасылар және дворяндар өкілдерінің жиналысы.
- Жүз жылдық соғыс
- 1337–1453 жылдары Англия мен Франция арасында болған ұзаққа созылған соғыс.
Жүз жылдық соғыс (1337–1453): қысқаша шолу
Соғысушы тараптар
Англия мен Франция
Себебі
Ағылшын королі III Эдуардтың француз тағына таласуы.
Мақсаты
Франция мен Англия арасындағы Фландрия үшін бәсеке.
Негізгі оқиғалар хронологиясы
-
1346
Креси маңындағы шайқаста ағылшын әскері француздарды талқандады.
-
1356
Пуатье шайқасында француздар жеңілді.
-
1358
Францияда Жакерия көтерілісі болды.