Өтірік сөз
Сабақтың тақырыбы
«Сөз мерген» интеллектуалды сайыс сабағы (слайдпен).
Мақсаты
- Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Ана тілінің қадір-қасиетін танытып, көркемдігін сезіндіру, еркін сөйлеуге баулу.
- Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытуға бағыттау.
- Тәуелсіз еліміздің ана тілін жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Слайд
- Стикер
- Өшіргіш
- Гүл
Әдісі
- Сөз жарысы
- Мақал-мәтел құрау
Кіріспе
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі — оның ана тілі. Ана тілі мен ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан егемен ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен ана тіліміздің туын биік ұстап, оны дамытуға күш салуымыз керек.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім мен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Осы ойды арқау ете отырып, интеллектуалды сайыс сабағымызды бастаймыз.
Ұйымдастыру
- Оқушыларға әртүрлі формадағы үш түсті өшіргіштер таратылады.
- Оқушылар өз түстеріне сәйкес орындарына отырады.
- Тақтадағы ұнаған суретті әр топ өзі таңдайды.
- Суреттердің артында жасырылған топ атаулары болады.
- Топтар өз атауына және тақырыпқа сай ұран ойлап табады.
Ойын кезеңдері
- Мықты болсаң, тауып көр.
- Жүйрік болсаң, озып көр.
- Ойлы болсаң, айтып көр.
- Зерек болсаң, шешіп көр.
- Алғыр болсаң, айтып көр.
1-кезең: Ұйқасын тап
Тапсырма слайд арқылы беріледі.
Жиынтық 1
- Жағасында бұлақ, жайылып жүр лақ.
- Айбат шағар алыстан, аң патшасы арыстан.
- Тым ойыншыл, пысық, мияулаған мысық.
- Тыным таппас ебелек, гүлге қонар көбелек.
Жиынтық 2
- Бата алмас түлкі, үсті тікен кірпі.
- Өзінше ноян, қорқақ кім қоян.
- Жұртқа аян, улы жәндік шаян.
- Ұқсамайды басқаға, тарғыл түсті тасбақа.
Жиынтық 3
- Шоқыр жерден тауып, жемді көрсе тауық.
- Басы ұлпа аппақ, бақта өсер бақбақ.
- Құйрығы он қарыс, бұл айбатты жолбарыс.
- Келе жатыр жұмысқа ұзын мұртты құмырсқа.
2-кезең: Мақал-мәтел құра
«Сөздің көркі — мақал».
Берілген сөздерден мақал-мәтел құрастырып, ой-өрісімізді кеңейтейік.
1-топ
2-топ
3-топ
3-кезең: Ақындық шеберлік
Тапсырма слайдта.
Берілген етістіктерді қатыстырып, шағын өлең жолдарын немесе ойтолғау құрастырыңдар:
- — жүреміз
- — күлеміз
- — сыйлаймыз
- — тыңдаймыз
4-кезең: Мақалды жалғастыр
«Тіл — көңілдің тілмашы».
Дана халқымыз дау болса, бір ауыз сөзбен тоқтата білген; бір ауыз сөзбен адам көңілін жұбатып, серпілте білген. Тіл құдіретін мақалдарды жалғастыру арқылы байқап көрейік.
Топтама 1
- Өнер — алды қызыл тіл.
- Тіл тас жармаса, бас жарады.
- Басқа пәле тілден.
Топтама 2
- Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
- Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
- Өтірік сөз өрге баспас.
Топтама 3
- Өтіріктің құйрығы бір тұтам.
- Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.
- Өле жегенше, бөле же.
5-кезең: «Адасқан әріптер» ойыны
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Бұл кезеңде әріптері араласқан сөздерден дұрыс сөз құрастырылады. Жылдамдық пен дәлдік бағаланады.
Қосымша тапсырма
Болашақ журналистпен шағын сұхбат.
Қорытынды
Сайыс барысында оқушылар ана тілінің құдіретін тапсырмалар арқылы тереңірек танып, сөз саптау, ой қорыту, дәлелдеп сөйлеу дағдыларын шыңдайды. Сабақ соңында белсенді қатысқан оқушылар атап өтіледі.