Тасымалданбайтын сөздер

Сабақтың тақырыбы

Үндестік заңы. Буын үндестігі.

Жалпы мақсаты

  • Жас ерекшеліктеріне сай оқыту арқылы негізгі идеяны есте сақтауға бағыт беру.
  • Интерактивті тақта, электрондық оқулық және слайдтар арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.
  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту: өз бетінше іздену, ойын еркін жеткізу, жылдам әрі нақты жауап беру.
  • Шығармашылық қабілетті ашуға жағдай жасау және тапсырма барысында дарындылықты байқату.
  • Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау арқылы білім деңгейін анықтап, бірін-бірі бағалауға үйрету.

Сілтемелер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей), ҚРПКБАКБ.
  2. 5-сынып қазақ тілі оқулығы: Қосымова Г., Дәулетбекова Ж.
  3. 5-сынып электрондық оқулық (2013).
  4. Шығармашылық тапсырмалар жинағы.
  5. Бағалау бетшелері, смайликтер, «Білім ағашы».

Оқыту нәтижелері

  • Ойды жүйелі түрде жинақтауға үйренеді.
  • Тосын сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады.
  • Пікірлесіп, ортақ шешімге келуді меңгереді.
  • «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы шығармашылыққа бейімделеді.
  • Бірін-бірі бағалауға дағдыланады.

Негізгі идея

Жақсы сөз жанды сүйсіндіреді,
бойға қуат бітіреді.

Тақырыпты меңгерту: «Тас қақпа» бекеті

Интерактивті тақта арқылы 5-сыныпқа арналған электрондық оқулық көрсетіліп, жаңа ұғымдар анықталады.

Үндестік заңы дегеніміз не?

Үндестік заңы — түбір мен қосымшаның, сондай-ақ сөз құрамындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үйлесіп айтылуы.

Үндестік заңы екіге бөлінеді:

  • Буын үндестігі
  • Дыбыс үндестігі

Буын үндестігі (сингармонизм)

Буын үндестігі — сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болып үндесуі. Бұл құбылысты сингармонизм деп те атайды.

Сингармонизм термині грек тіліндегі sun (бірге) және harmoni (байланысу, үндесу) сөздерінен жасалған.

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері, әдетте, не толықтай жуан, не толықтай жіңішке болады.

Мысалдар

ата, ана, бақыт, кереге, кілем, өріс

Ереже ерекшелігі

Жуан және жіңішке дауыстылар араласып келетін сөздер де бар. Олар аралас сөздер деп аталады.

Аралас сөздер қайда кездеседі?

  1. Басқа тілден енген сөздерде: кино, математика, кітап
  2. Біріккен және қос сөздерде: Екібастұз, асығыс-үсігіс

Практика: «Күміс қақпа» бекеті

Оқушылар тапсырмалар арқылы жуан, жіңішке, аралас сөздерді және тасымалданбайтын сөздерді ажыратып, ережені қолданады.

314-жаттығу: «Артық білім кітапта»

  • I топ: жуан сөздерді теріп жаз.
  • II топ: жіңішке сөздерді теріп жаз.
  • III топ: аралас сөздерді теріп жаз.
  • IV топ: тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.

316-жаттығу: мәтінді толықтыру

Төмендегі үзінділерді мағынасына қарай толықтырып, үндестік заңына сай жазылуына назар аудар.

I топ

Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Бұл — аспан...ғы ең жарық жұлдыз, жарықты.... сондай, азанда — барлық жұлдыз өшкен кез.... таң шапағы.... бірге жарқырап тұрады. Ал ақшам.... көк жүзінде бар жұлдыз.... озып, тең алдымен көріне.... Бірақ бұл жұлдыз емес.

II топ

Бұл — Шолпан (ғылым тілінде Венера деп аталады), біз.... күн жүйесіндегі екінші планета. Басқа планеталар сияқты, Шолпан да өздігі.... жарық шығармай...., тек күн жарығ.... шағылдырады. Сондықтан да ол күміс.... жарқыраған шам сияқты бол.... көрінеді.

III топ

Ақ сәулелі әсемдігі... орай Шолпан... таң жұлдызы деп те атай... Шолпан мен біздің Жер... ұқсас сипаттар... көп. Екеуі де көрік...: бірі — көгілжім, екіншісі — ақ күміс.

IV топ

Көлемдер.... де шамалас, екеу.... де ауа желектері.... оранған. Бірақ Жермен салыстырғанда қозғалыс.... баяу әрі оралымсыз. Жер өз осінен 118 рет айнал... ды, Шолпан бір-ақ рет айналып үлгере... екен.