Қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстарын ата

Сабақтың тақырыбы

Үй жануарларының қысқы тіршілігі

Сабақтың мақсаттары

  • А Оқушылардың үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы білімін кеңейту; жанды және жансыз табиғат нысандарының байланысын түсіндіру арқылы дүниетанымын арттыру.
  • Ә Ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
  • Б Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Слайд, аудиожазба, бейнетаспа, плакаттар, «сиқырлы ұяшықтар», жануарлар мен құстардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы

I. Психологиялық дайындық

Армысың, Алтын күн!
Армысың, Жер-ана!
Армысың, көк Аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне тілек айтады.

Қайталау сұрақтары

  • Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс.
  • Қыс айларын ата. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
  • Қазір қыстың қай айы, нешесі? (Оқушы жауап береді.)
  • Аптаның қай күні? (Оқушы жауап береді.)

Табиғатты бақылау

  • Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстары: боран, аяз, қырау, қар.
  • Бүгінгі ауа райы қандай? Шартты белгілермен көрсетіледі.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: өсімдіктер мен аңдардың қысқы тіршілігі. Сұрақ: Аңдар қайда қыстайды?

Оқушылар 3 топқа бөлініп жұмыс істейді

1) «Бағдаршам» ойыны

  • Жасыл — жақсы дайындалып келдім.
  • Сары — дайындалдым, бірақ өзіме сенімсізбін.
  • Қызыл — дайындығым әлсіз.

2) «Сиқырлы ұяшықтар» (ұпай жинау)

Сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинайды.

10 ұпай

  • Оң жақ: Шыбын, құмырсқа, көбелектер қыста не істейді? Інге, қуыстарға тығылып, ұйқыға кетеді.
  • Сол жақ: Қандай ағаштар қыста да жап-жасыл болады? Шырша, қарағай.
  • Орта: Бейнесұрақ: Қоян туралы не білеміз? Түнде қорек іздейді, күндіз жасырынады.

20 ұпай

  • Оң жақ: Қыста қураған шөптер неге үсімейді? Қар астында қалады; қар «көрпе» сияқты жылуды сақтайды.
  • Сол жақ: Қыста азық қорын дайындамайтын жануарларды ата. Түлкі, қасқыр, қоян.
  • Орта: Бейнесұрақ: Қыста аю не істейді? Апанға кіріп ұйықтайды.

30 ұпай

  • Оң жақ: Бейнесұрақ: Тоқылдақ туралы не білеміз? «Орман дәрігері».
  • Сол жақ: Неліктен аюдың қарны ашпайды? Ішіндегі май қорын қорек етеді.
  • Орта: Неліктен аңдарды жабайы жануарлар деп атайды? (Оқушы жауап береді.)

III. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме

  • Үй жануарларына нелер жатады? Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі.
  • Неге «үй жануарлары» дейміз? Олар адамның үй маңында тіршілік етеді және адамға көп пайда келтіреді.

Қазақ халқы ертеден-ақ мал шаруашылығымен тығыз байланыста өмір сүрген. Мал күтуді қасиетті іс деп білген. Халық даналығында: «Мінсе — көлігі, ішсе — сусыны, жесе — тамағы, кисе — киімі, тұтынса — бұйымы» деген қанатты сөз бар.

Сондай-ақ: «Түйе — салтанат, жылқы — мақтан, сиыр — қанағат, қой — қазына» деп бағалаған.

Халық ұғымында әр түліктің өз пірі, киесі бар деп айтылады. Оқушылар түліктің пірі, төл атауы және төлін шақыру сөздері туралы білетіндерін бөліседі.

Тыңдалым

Аудиожазбадан «Үй жануарларының қысқы тіршілігі» тақырыбын тыңдап, оқушылар пікірін білдіреді.

Сөздік жұмысы

ферма мал дәрігері науа ақыр

Сергіту сәті

Қимылмен көрсетіп, жануарлардың дауыстарын салады:

  • Күн шықты — әтеш шақырды.
  • Сыртта қар жауып тұр, аздап жел соғады.
  • Үй маңында құстар ұшып жүр.
  • Сиыр мөңірейді, қой маңырайды, ит үреді, мысық мияулайды, тауық қыт-қыттайды.

Бақылау күнделігімен жұмыс

Үй жануарларын өзіне тән азығымен сызық арқылы сәйкестендіру.

Топпен жұмыс

Тапсырмалар топта бірлесіп орындалады; бір оқушы шығып қорғайды. Топтарға плакат, желім, маркер беріледі.

1-топ: Жоғалған сөздерді толықтыру

  • Сиыр — бұзаулайды.
  • Ешкі — лақтайды.
  • Түйе — боталайды.
  • Жылқы — құлындайды.
  • Қой — қоздайды.

2-топ: Жануарларды топтастыру

  • Үй жануарлары
  • Аңдар
  • Үй құстары

3-топ: Тірек сызбаны толтыру

Берілген тірек сызба бойынша негізгі ұғымдарды толықтырады.

Бағалау: топтар бір-бірін «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

IV. Қорытынды

  1. Үй жануарларының дауыстары туралы бейнетаспаны тамашалау.
  2. «Бағдаршам» ойыны арқылы кері байланыс:
    • Жасыл — сабақ өте ұнады.
    • Сары — ұнады, бірақ өзімді толық көрсете алмадым.
    • Қызыл — ұнаған жоқ.

V. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстағы белсенділігі ескеріледі.

VI. Үйге тапсырма

  • 1) 76-бет: оқу, мазмұнын айту.
  • 2) Бір үй жануарына зерттеу жұмысын жүргізіп, жазып келу:

    Зерттеу кестесі

    • Үй жануарының аты
    • Пірі
    • Төлі
    • Қалай шақырады?
    • Сүті
    • Пайдасы

    Қорытынды сөз

    Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!