Жарықтың толық шағылу құбылысы
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы
М.П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі: Колдасова Яхшигул Османовна
Сабақ тақырыбы
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларды жарықтың толық шағылу құбылысымен таныстыру; ақ жарықтың спектрге жіктелуі және денелердің түстері туралы ұғым қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың білім деңгейін, білім мазмұнының тұрақтылығын және оны меңгерудегі іскерлік-дағдыларын бақылау және дамыту.
3) Тәрбиелік
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді қалыптастыру және жалпылау.
- Әдіс-тәсілдері
- Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
- Көрнекіліктер
- Плакаттар, суреттер, оптикалық диск бойынша көрсетілім.
Нәтиже фокусы
Сабақ құрылымы оқушылардың бұрынғы білімін нақтылаудан басталып, негізгі ұғымдарды тәжірибе арқылы дәлелдеуге, соңында қолданбалы маңызын көрсетуге бағытталады.
- Жарықтың сынуы мен толық шағылудың айырмасын түсіндіру.
- Шектік бұрыш ұғымын қалыптастыру және шарттарын нақтылау.
- Құбылыстың техникадағы қолданылуын мысалдармен бекіту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1. Сәлемдесу.
- 2. Оқушыларды түгендеу.
- 3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру.
- 4. Сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырысы, сыртқы келбеті).
- 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
- Теориялық білімдерін тексеру.
- Практикалық тапсырмаларын тексеру.
- Есептерін тексеру.
III. Білімді жан-жақты тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды жүйелеп, түсіну деңгейін анықтау.
IV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік (мақсат қою)
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Жарықтың сынуы дегеніміз не?
- Жарықтың сыну заңы қалай тұжырымдалады?
- Ортаның сыну көрсеткіші дегеніміз не?
V. Жаңа материалды меңгеру
1) Жарықтың толық шағылу құбылысы
Оқушылар алдына мәселе қойылады: жарық сәулесі су бетіне 50° бұрышпен түссін. Сәуленің ауадағы сыну көрсеткішін табу қажет.
Есептеу нәтижесін талдау
Есептеу барысында sin β = 1,0185 мәні шығады. Бұл мүмкін емес, өйткені синус 1-ден үлкен бола алмайды. Демек, құбылыстың мәнін тәжірибе арқылы түсіндіру қажет (оптикалық диск көмегімен көрсетілім).
2) Толық шағылудың шектік бұрышы
Су–ауа шекарасында сынуды қарастырғанда түсу бұрышы артқан сайын сыну бұрышы да ұлғаяды. Белгілі бір жағдайда сынған сәуле шекара бойымен таралып, β = 90° болады.
Осыған сәйкес келетін түсу бұрышы α₀ — толық шағылудың шектік бұрышы деп аталады. Егер α > α₀ болса, онда толық шағылу байқалады.
3) Толық шағылудың байқалу шарттары және маңызы
Құбылыс екі жағдайда байқалады
- Жарық оптикалық тығыз ортадан сирек ортаға өткенде.
- Түсу бұрышы шектік бұрышқа тең немесе одан үлкен болғанда.
Практикалық қолданылуы
Толық шағылу көптеген оптикалық аспаптарда кең қолданылады: перископ, дүрбі, сондай-ақ талшықты оптикада (жарық жетек) сәулені тиімді тасымалдау үшін пайдаланылады.