Қос сөз туралы білімдерін толықтыру

Павлодар қаласы, №26 жалпы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Макатова Гүлғайша Зияденқызы

Пән/сынып

Қазақ тілі (орыс тілді 7-сынып)

Сабақ тақырыбы

Денсаулық – зор байлық. Қос сөздер.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Денсаулық негіздері туралы білімін толықтыру және қалыптастыру.
  • Денсаулық туралы мақал-мәтелдермен таныстыру.
  • Ауызекі сөйлеу және сөйлесім дағдыларын жетілдіру.
  • Қос сөз туралы білімін кеңейту.

Дамытушылық

  • Ойлау, есте сақтау және бақылау қабілеттерін дамыту.
  • Ой түйіндеуге, өз бетімен ізденуге үйрету.
  • Танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
  • Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік

  • Спортқа қызығушылығын арттыру.
  • Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Ұйымдастыру және ресурстар

Көрнекілік
Үлестірмелі материалдар, слайдтар
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі
Ұжымдық түрде бірлесіп білім алу
Әдістер
Көрнекілік, сұрақ-жауап, іздендіру, әңгімелеу

Сабақ құрылымы

  1. Ұйымдастыру: амандасу, сабаққа дайындықты тексеру.
  2. Қызығушылықты ояту: интерактивті тақтадағы сурет бойынша пікір алмасу.
  3. Тақырып пен мақсатты ашу: сабақ бағытын нақтылау.
  4. Негізгі кезең: сөздік, тыңдалым, оқылым, тілдесім, жазылым.
  5. Қорытындылау: білімді жинақтау және пысықтау тапсырмалары.

Негізгі кезең: тапсырмалар мен мазмұн

1) Жаңа сөздер

Қазақша Орысша
Көңіл бөлу обращать внимание
Қалыптастыру формировать
Айналысу заниматься
Зиянды әрекет вредные привычки
Аямай жұмсау не жалея тратить, использовать
Салауатты өмір салты здоровый образ жизни

2) Тыңдалым: мәтін және кесте толтыру

Денсаулық — адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Сондықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысып, дұрыс тамақтануды әдетке айналдыруымыз керек. Сонымен бірге дұрыс ұйқы режимін сақтау маңызды. Зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық шараларын сақтау қажет. Таза ауада демалу, қала сыртына жиі шығу — денсаулыққа пайдалы.

1-тапсырма: «Дұрыс / Бұрыс»

  • Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние емес.
  • Әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысып, дұрыс тамақтануымыз керек.
  • Зиянды әрекеттерден аулақ болу керек.
  • Дұрыс ұйқыға әдеттенбеу керек.
  • Таза ауада демалу және қала сыртына жиі шығу пайдалы.

Тексеру: жауаптарды талқылап, дәлел келтіру арқылы бекітіңіз.

3) Оқулықпен жұмыс: оқылым және тілдесім

Оқылым (182-бет), 2-тапсырма

  • Мәтінді түсініп оқыңыз.
  • Мәтінге ат қойыңыз.

Тілдесім (жұппен жұмыс)

  • Диалог құрастырыңыз.
  • 5 сұраққа 5 жауап дайындаңыз.

4) Мақал-мәтел сайысы (топпен жұмыс)

Оқушылар денсаулық туралы мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіреді және жатқа айтады.

1)

Тазалық — саулық негізі, саулық — байлық негізі.

2)

Денсаулық — зор байлық.

3)

Жарлының байлығы — денінің саулығы.

4)

Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

5)

Жаны саудың — тәні сау.

5) Жазылым: «Қос сөздер» тақырыбы

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Қос сөздің екі түрі бар.

Қайталама қос сөз

Мысалдар: қора-қора, қысы-жазы

Қосарлама қос сөз

Мысалдар: ап-ащы, алды-арты

Оқулықтағы ереже

183-бет, №1 тапсырмадағы тірек сызба бойынша түсіндіру және бекіту.

Пысықтау тапсырмасы

Қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің негізгі айырмашылықтарын қалай түсіндірер едіңіздер? Жасалу жолдарын сипаттап, әр түріне үш мысалдан келтіріңіздер.