Математика 1 сыныпСабақтың тақырыбы
Сабақ: 1-сынып математика
Тақырыбы
7 саны және цифры
Пәнаралық байланыс
Көркем әдебиет, айналамен танысу
Сөздік жұмыс
Бірлік, жеті
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Оқушыларды 7 санымен таныстыру және оның құрамын анықтау.
- 7 санына дейін қатарды ретімен ауызша санауға жаттықтыру.
- Логикалық ойындар арқылы есептер шығарту, білім мен біліктілікті арттыру.
- Тура және кері санауға үйрету.
Дамытушылық
- Геометриялық пішіндерді анықтау және көлік түрлерін құрастырып жапсыру.
- Қазақтың ұлттық тағамы — Наурыз көже туралы білімдерін толықтыру.
- Санамақ, мақал-мәтел және тыйым сөздер арқылы сөздік қор мен тілін дамыту.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа және бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
- Салт-дәстүрді сақтауға, оны дұрыс орындауға баулу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Көрнекіліктер
- Кеспе сандар
- Демонстрациялық материалдар
- Геометриялық пішіндер
- 7 санына байланысты кеспе суреттер
Цифрлық ресурс
Электрондық оқулық
Ескерту
Тапсырмалар топтық жұмысқа ыңғайланып берілген: әр топқа бағалау парағы ұсынылады.
Сабақ барысы
Мотивациялық кезең
- Түгендеу жүргізу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Әр топқа бағалау парағын тарату.
- «Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушылардың көңіл күйі мен дайындық деңгейін анықтау.
Іздену-ұйымдастыру кезеңі: «Сандар әлеміне саяхат»
Бүгін біз сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін оқушылар екі топқа бөлінеді. Жол бойында әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін, сол тапсырмаларды орындап, алға жылжимыз.
Сергіту сәті
Кіп-кішкене балақан, Алға созып алақан, Оңға, солға қарайды, Саусақтарын санайды. Ей, балақан, балақан, Неге создың алақан? Кел, шапалақ ойнайық, Секіріп қол соғалық!
1-аялдама: Бұлақ
Балалар бұлақтан ағып жатқан суға келеді. Сөйлем құрап, қанша бала бар екенін анықтайды.
2-аялдама: Көл
Балалар үлкен көлге келеді. Бұл көлде балықтар бар. Балықтарды «аулап», сыртындағы тапсырмаларды орындаймыз.
«Балықтағы тапсырмалар»
- 1 1-балық: 1-ден кейінгі санды ата.
- 2 2-балық: санамақ айт.
- 3 3-балық: 1-ден 6-ға дейін тура сана.
- 4 4-балық: 5 + 1 мәнін есепте.
- 5 5-балық: 6-дан 1-ге дейін кері сана.
- 6 6-балық: 4 пен 6-ның ортасындағы санды ата.
Нәтиже
Тапсырмалар оқушыларды тура және кері санауға, көрші сандарды атауға, қарапайым қосу амалын орындауға үйретеді және 7 санына дайындық жасайды.
Автор туралы мәлімет
Өңір
Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы
Мектеп
Тоғанас ауылы, Жаңақоныс негізгі мектебі
Мұғалім
Жанаргүл Серікқызы Утебаева