Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
5-сынып • Өткізілетін орны: спортзал
Құрал-жабдықтар
Ысқырғыш, гимнастикалық маттар, секіртпе
Білімділік
Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау (Б) және алға, артқа домалауды жетілдіру.
Денсаулық сақтау
Шапшаңдық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
Тәрбиелік
Жүктемені дұрыс орындауға дағдыландыру және тәртіпті сақтау.
Сабақ барысы
1) Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру, саптық жаттығулар, жүру–жүгіру және жалпы дамыту жаттығулары.
Ұйымдастыру кезеңі
- Сапқа тұрғызу.
- Рапорт қабылдау.
- Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар
- Оңға және солға айналып бұрылу.
- Секіріп бұрылу.
Назар аудару жаттығулары
- Жүріс.
- Жүгіріс.
- 360° бұрылып жүру.
- Спорт жүрісі.
Жүру түрлері
- Аяқтың ұшымен жүру.
- Өкшемен жүру.
- Аяқтың ішкі жағымен жүру.
- Аяқтың сыртқы жағымен жүру.
- Отырып және жартылай отырып жүру.
Жүгіру түрлері
- Түзу аяқты алға көтеріп жүгіру.
- Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру.
- Түзу аяқты жан-жаққа лақтырып жүгіру.
- Оң жақ қырымен жүгіру.
- Сол жақ қырымен жүгіру.
- Теріс қарап жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары
Жүрісте орындау
- Қол құлыпта: 1–4 оңға айналдыру, 1–4 солға айналдыру.
- Қол иықта: 1–4 алға, 1–4 артқа айналдыру.
- Оң қол жоғары: 1–2 артқа сермеу; 3–4 қолды ауыстырып артқа сермеу.
- Қолды екі жаққа: 1–2 білезікті, 3–4 шынтақты, 5–6 қолды алға, 7–8 қолды артқа айналдыру.
- Қол бүгулі, кеуде алдында: 1–2 артқа жіберу; 3–4 қолды түзетіп артқа жіберу.
Бір орында орындау
- Аяқ ашық, қол белде: 1–4 басты оңға, 1–4 солға айналдыру.
- Аяқ ашық, қол белде: 1–2 денені оңға бұру, 3–4 солға бұру.
- Аяқ алшақ: 1 оң аяққа, 2 ортаға, 3 сол аяққа еңкею, 4 бастапқы қалып.
- Матта отырып: 1 оң аяқтың бақайына, 2 алға, 3 сол аяқтың бақайына созылу, 4 бастапқы қалып.
- Арқада жатып: 1 сол аяқпен оң қолға, 3 оң аяқпен сол қолға тигізу (2 және 4 — бастапқы қалып).
- Етпетінен жатып: 1 сол аяқпен оң қолға, 3 оң аяқпен сол қолға тигізу (2 және 4 — бастапқы қалып).
- Секіру: 1–4 оң аяқта, 1–4 сол аяқта, 1–4 екі аяқта.
Ескерту: Жаттығуларды орындау кезінде арақашықтық сақталып, қозғалыстар бір ырғақта орындалады.
2) Негізгі бөлім
Саптық қайта құрулар, домалау техникасын жетілдіру және секіртпемен ойындар.
Саптық гимнастикалық жаттығуларды бағалау (Б)
Бір орында
- Бір қатардан екі қатарға тұру.
- Екі қатардан бір қатарға тұру.
- Бір қатардан үш қатарға тұрып, қайта бір қатарға тұру.
Жүрісте
- Бір колоннадан ортадан екі колоннамен жүру.
- Бір колоннадан ортадан үш колоннамен жүру.
- Бір колоннадан ортадан төрт колоннамен жүру.
- Екі, үш, төрт колоннадан қайта бір колоннаға шығу.
Алға және артқа домалауды жетілдіру
Келтіру жаттығулары
- Басқа тіреніп, оңға және солға айналу.
- Қолмен аяқты жинап, арқаны дөңгелетіп «лодочка» жаттығуын орындау.
Негізгі орындалуы
- Алға жинақталып домалау.
- Артқа жинақталып домалау.
Қауіпсіздік: Домалау кезінде иекті кеудеге жақын ұстап, арқаны дөңгелету және маттың шетіне жақындамау.
Секіртпемен ойындар
Қимыл-қозғалысты белсендіру, ырғақ пен үйлесімділікті дамыту.
3) Қорытынды бөлім
Сабақты бекіту, бағалау және ұйымдасқан түрде аяқтау.
- 1 Оқушыларды сапқа тұрғызу.
- 2 Сабақ қорытындысын шығару және бағалау.
- 3 Оқушыларды ұйымдасқан түрде шығарып салу.