Флипчарттың құралдар тақтасы

Сабақтың тақырыбы

ACTIVstudio бағдарламасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлері және дыбыстық ерекшеліктерімен танысу.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Кітапхана ресурсының мүмкіндіктерін флипчарт құрастыруда тиімді қолдану.
  • Музыкалық аспаптар туралы білімді жетілдіру.
  • Аспаптардың дыбыстарын ажырата білуге үйрету, білімді қорыту және бекіту.

Дамытушылық

  • ACTIVpen қаламымен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
  • Информатика және музыка пәндеріне қызығушылықты арттыру.
  • Тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

  • Ұлттық өнерге қызығушылықты арттыру, құрметтеуге баулу.
  • ACTIVstudio бағдарламасын сабақ барысында жүйелі қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың ресурстары

Көрнекілігі

Музыкалық аспаптар, слайдтар, ашық тест, жабық тест.

Техникалық құралдар

Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі

Кіріктірілген сабақ.

Әдісі

Суретті-түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    • Сәлемдесу.
    • Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін таныстыру.
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

    Музыка пәні: динамикалық белгілер

    1. Forte (форте) таңбасын атаңыз.
    2. Piano (пиано) таңбасын атаңыз.
    3. Mezzo-forte (меццо-форте) таңбасын атаңыз.
    4. Mezzo-piano (меццо-пиано) таңбасын атаңыз.
    5. Crescendo (крешендо) таңбасын атаңыз.
    6. Sforzando (сфорцандо) таңбасын атаңыз.

    Информатика пәні

    1. Негізгі құралдар тақтасы дегеніміз не?
    2. Арнайы құралдар тақтасы дегеніміз не?
    3. Флипчарттың құралдар тақтасының қызметі қандай?
    4. Интерактивті тақта дегеніміз не?
    5. Активті қалам (ACTIVpen) дегеніміз не?

    Интерактивті тақта — компьютердің қосымша құрылғыларының бірі; ақпараттың кескінін және қарапайым маркер тақтасының мүмкіндіктерін біріктіретін құрал.

    Активті қалам (ACTIVpen) — меңзерді басқаруға арналған құрылғы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты жүзеге асыратын құрал.

  3. III. Жаңа сабақ

    Музыкалық аспаптардың түрлерін қарап, дыбыстарын тыңдау (слайд).

    Скрипка

    Ысқылы ішекті музыкалық аспап.

    Виолончель

    Ысқымен тартылатын, скрипка тектес төрт ішекті аспап.

    Контрабас

    Ысқымен тартылатын қыл ішекті музыкалық аспап.

    Қобыз

    Қобыздың атасы — Қорқыт. Ішектері ат қылынан тағылады, астыңғы жағы терімен қапталады. Қылқобызда көбіне жыршылар, әншілер және бақсылар ойнаған.

    Домбыра

    XIX ғасырда қазақ тұрмысында кең тараған екі ішекті аспап. Көбіне үйдің төрінде сақталған.

    Сыбызғы

    Үрлеп ойналатын көне аспап. Бармақ басатын үш тесігі бар; үрлеу арқылы 20-дан астам дыбыс түрі шығады. Негізінен ағаштан және қурайдан жасалады, бақташылар арасында кең тараған.

    Сазсырнай

    Саздан жасалған үрмелі аспап. Қазба жұмыстары кезінде Отырардан табылған.

    Саксафон

    Үрмелі аспап.

    Дауылпаз

    Қазақтың көне ұрмалы аспабы. Ертеде соғыс кезінде белгі беру құралы ретінде қолданылған.

    Сылдырмақ

    Сылдырлап ойналатын аспап.

    Асатаяқ

    Тұтас ағаштан жасалады; басында темір теңгешелер ілінеді. Сілкіп ойнайтын аспап.

    ACTIVstudio: кітапхана ресурсы арқылы көрсету және тыңдату

    Кітапхана ресурсы — флипчарт құрастырғанда қолданылатын қуатты қор: суреттер, дыбыстар, дайын іс-әрекеттер, оқу жоспарлары және мыңдаған әзір ресурс жинақталған.

    Іске қосу

    Флипчарттың құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басыңыз. Терезе іске қосылады.

    Көмекші сөздер (Tooltips)

    Меңзер батырманың үстіне келгенде көмекші сөздер шығады — әр батырманың қызметін еске салады.

    Ресурс тірегімен (Resource Tree) жұмыс

    1. Кітапхана ресурсының сол жақ панелінен қажетті ресурс түрін таңдаңыз.
    2. «Жалпы кескіндер» батырмасын басыңыз — тақтада бірнеше шағын сурет көрінеді.
    3. Көп суретті табу үшін Ресурс тірегін қолданыңыз: «+» белгісі ішкі бумалардың барын көрсетеді.
    4. «Жалпы кескіндер» → «Музыка» бумасын табыңыз, «+» белгісін шертіңіз.
    5. «Аспаптар» бумасын ашыңыз — мазмұны тақтада көрінеді.

    Егер суреттердің атауы көрінбесе, кітапхана ресурсы терезесіндегі менюден «Жазбалар» командасын таңдаңыз.

    Флипчарт бетіне объектілерді қосу

    • Кітапхана ресурсы терезесінің төменгі бөлігінен «Түссіздендіру» параметрі қосулы екенін тексеріңіз (фон түссізденеді).
    • «Тасымалдау» параметрін таңдаңыз (суреттерді флипчарт бетіне көшіру).
    • Суреттерді флипчарт бетіне тасымалдаңыз.

    Кітапхана ресурсын бүктеу

    Суреттерді орналастырғаннан кейін, терезенің жоғарғы жағындағы «Бүктеу» батырмасын басыңыз. Бүктеулі күйде терезе аз орын алады және қажет кезде қайта ашылады.

    Объектіні көшіру

    Бөліп алу құралымен суретті таңдаңыз. Объектіні редакторлеу тақтасы ашылғанда, «Көшірмелеу» батырмасын 3 рет басыңыз — үш көшірме пайда болады.

    Көлемін өзгерту және айналдыру

    Бір суретті үлкейтіңіз, екіншісін кішірейтіңіз, үшіншісін белгілеу арқылы айналдырыңыз. Осылайша объектілердің сыртқы түрін өзгерту мүмкіндігін бекітесіз.

    Өшіру батырмасы

    Кез келген суретті екі рет шерткенде, объектіні редакторлеу тақтасындағы «Өшіру» батырмасы арқылы қажетсіз объектіні жоя аласыз.

    Ескерту: Суретті флипчарттағы қоржынға да салуға болады, бірақ объектіні редакторлеу тақтасындағы құралды қолдану ыңғайлырақ: ол бөліп алынған объектінің жанында бірден көрінеді.

  4. IV. Компьютермен жұмыс

    Жұмыс парағында ACTIVstudio кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлерін көрсету.

  5. V. «Компьютердің сиқырлы құрылғылары» ойыны

    Ойын шарты: интерактивті тақтадағы суреттердің атауын айтып, артында жасырын тұрған сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Қаланы тышқандардан азат еткен аспап.
    2. Флейта аспабын сүйіп тыңдайтын бауырымен жорғалаушы.
    3. Ең жоғары жалақы төленетін аспапта ойнайтын музыкант.
    4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторлары.
    5. Аң аулауда қолданылған музыкалық аспап (слайд).

    Тапсырманы тыңдап, жауаптарды негіздеп айтыңыз.

  6. VI. «ACTIVstudio бағдарламасының қызықты құралдары» ойыны

    Ойын шарты: сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

    _____ құралдар тақтасы және баптау параметрлерін реттеуге арналған құрал — ACTIVstudio функцияларының кілті болып табылады.

    _____ флипчарт батырмасы — жұмыс үстеліне өту.

    _____ түстер палитрасы — флипчарт объектілерінің түсін таңдау.

    _____ прожектор құралы — көрсетілген аймақтың ортасынан басқаның бәрін бүркемелеп көрсетеді.

  7. VII. Жаңа сабақты бекіту

    1. Музыкалық аспаптардың қандай түрлерімен таныстық?
    2. Олардың дыбыстары бір-біріне ұқсай ма?
    3. Аспаптардың жануарлармен байланысы бар ма?
    4. ACTIVstudio бағдарламасындағы кітапхана ресурсының мүмкіндіктері қандай?
    5. «Кескіндер жиынтығы» батырмасының қызметі қандай?
    6. ACTIVstudio бағдарламасында музыкаларды қалай табамыз?
  8. VIII. Үйге тапсырма

    Негізгі тапсырма

    • ACTIVstudio бағдарламасындағы кітапхана ресурсының мүмкіндіктерін қайталау.
    • Аспаптардың дыбыстарын дұрыс ажыратып, аспап туралы реферат жазу.

    Музыка пәнінен ашық тест

    1. Үйдің төрінде тұратын аспапты табыңыз.

      A) асатаяқ

      Б) домбыра

      В) дәптер

    2. Домбыраға ұқсас аспапты табыңыз.

      A) сыбызғы

      Б) асатаяқ

      В) шертер

    3. Ішекті аспаптарды табыңыз.

      A) домбыра, қобыз, жетіген

      Б) дабыл, асатаяқ

      В) ауызсырнай, сырнай

    4. «Ақсақ құлан» күйінің авторы кім?

      A) Дина Нұрпейісова

      Б) Құрманғазы Сағырбайұлы

      В) Нұрғиса Тілендиев

    5. «Отырар сазы» оркестрін кім құрған?

      A) Құрманғазы Сағырбайұлы

      Б) Нұрғиса Тілендиев

      В) Дина Нұрпейісова

    6. Қазақтың ұлттық ойындарын табыңыз.

      A) алтыбақан, асық, арқан тарту

      Б) сурет салу, дойбы

      В) футбол, шахмат

    7. Шылау сөздерді табыңыз.

      A) туралы, арқылы

      Б) қалам, дәптер

      В) отыр, жатыр

    8. Барыс септіктің септеуліктерін табыңыз.

      A) үшін, туралы

      Б) қатар, басқа

      В) дейін, шейін

    9. Демеулік шылауларды табыңыз.

      A) әйтпесе, егер

      Б) арқылы, шейін

      В) ба, бе