Оқушыларға күрделі функцияның туындысын есептеу формуласын меңгерту және оны қолдана білу білік, дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы
Күрделі функцияның туындысы
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Оқушыларға күрделі функцияның туындысын есептеу формуласын меңгерту және оны қолдана білу білік-дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз ойларын жинақтап, алған білім, білік, дағдыларын тиімді қолдана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың туынды ұғымы бойынша білімін тереңдету, ой-өрісін дамыту, шешім қабылдауға үйрету; пәнге қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындықты тексеру, оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа бағыттау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
№ 213, 214, 215, 216, 217 (б, в).
3) Ауызша сұрақтар
- Аргумент пен функция өсімшелері арасында қандай байланыс бар?
- Функцияның нүктедегі және аралықтағы дифференциалдануы ұғымдарының айырмашылығы қандай?
- Функцияның нүктедегі дифференциалдануы мен үзіліссіздігі арасындағы байланысты қалай түсіндіруге болады?
- Туынды табу ережелерін тұжырымдаңыз.
Ескерту
Қайталау және жаңа тақырыпқа кіріспеАуызша сұрақтар алдыңғы білімді жүйелеуге және күрделі функцияның туындысы тақырыбына логикалық түрде өтуге көмектеседі.