Үлкендердің алдынан
Сабақ тақырыбы: Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет
Мақсаты
Сыйластық пен құрмет сияқты адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері
- Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықтың мәнін түсіндіру.
- Сыйласымды қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.
- Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Кіріспе әңгіме
Балалардың амандасуынан кейін мұғалім халқымыздағы «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» деген мақалдың мәнін түсіндіреді. Бұл қағида өсіп келе жатқан жас ұрпақты имандылыққа, мейірім мен қайырымдылыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Адам бойында жақсы да, жағымсыз да қасиеттер болады. Қазақ дәстүрінде үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу бала кезден санаға сіңіріледі. Ол ананың әлдиінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың тәлімінен, әр адамның кісілігінен танылады.
Үлкенді құрметтеудің үлгілері
- Жасы үлкенге иіліп сәлем беру.
- Алдынан кесіп өтпеу.
- Есік ашып, жол беру.
- Үйге алдымен үлкеннің кіруіне мүмкіндік беру.
- Дастарханға үлкеннен бұрын қол созбау.
- Үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз таластырмау.
Сені өмірге әкеліп, мәпелеп өсірген — ата-анаң. Ең алдымен соларды сыйлау қажет. Әке — асқар тау, Ана — аққан бұлақ, Бала — бауырындағы құрақ.
Мұғалім әр оқушының әдепті, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлайтын, кішілерге қамқор болатын, ата-анаға көмекші әрі айналасына мейірімді азамат болып өсетініне сенім білдіреді.
Жалғастырып айт: «Болмайды» және «Керек»
Мұғалім сөйлемнің басын айтады, оқушы ойланып жалғастырады.
Не істеуге болмайды?
- Үлкендердің алдынан…кесіп өтуге болмайды.
- Кішкентай баланы…жылатуға болмайды.
- Құстарды…атуға болмайды.
- Қыз баланы…ренжітуге болмайды.
- Сабаққа…кешігуге болмайды.
- Сыныпта…айғайлауға болмайды.
Не істеу керек?
- Үлкен кісіні…сыйлау керек.
- Үлкеннің тілін…алу керек.
- Үлкендерге…сәлем беру керек.
- Кішілерге…қамқор болу керек.
- Оқу құралдарын…күтіп ұстау керек.
- Әрдайым…тәртіпті болу керек.
Әңгімелесу
Өзін-өзі құрмет
Өзіңді және өзгені құрметтей аласың ба?
Сыйластыққа жол
Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
Достық мәдениеті
Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың ойларын еркін айтуына мүмкіндік беріліп, сыйласымды қарым-қатынас жасау ең алдымен адамның өзіне байланысты екені түсіндіріледі.
Қандай қасиеттер қажет?
Мейірім, кішіпейілділік, сабыр, сыпайылық, жауапкершілік, адалдық.
Мақал-мәтел
Оқушылар білетін мақал-мәтелдерді айтып, мағынасын талдайды.
Ойын-жаттығу: «Құрмет — ізет»
Өту барысы
- 1Тақтаға жапырақсыз екі ағаштың (үлкен және кіші) суреті ілінеді.
- 2Оқушыларға қағаздан жасалған жапырақтар таратылады.
- 3Жапырақтың артында құрмет пен ізетті білдіретін сөздер жазылады.
- 4Оқушы сөзді дауыстап оқып, үлкендер айтатын сөз болса — үлкен ағашқа, кішілерге тән сөз болса — кіші ағашқа іледі.
Сөздер үлгісі
Қорытынды
Үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді — оны «Құрмет ағашы» деп атаймыз. Ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді — оны «Ізет ағашы» дейміз.
Рақмет! Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
Ойын: «Саяхатқа шығу»
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету үшін «саяхат» ойынын ойнайық. Елімізде төрт үлкен қала бар: Үлкен, Құрмет, Кіші, Ізет. Қай қаланы таңдайсыңдар? Таңдалған қала атауы жазылған қағазда сұрақ берілген — соған жауап береміз.
Сұрақтар
- Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
- Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса, не істер едің?
- Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
Ой түю
Оқушылар жауаптары арқылы әдептілік, сабырлы сөйлеу, жол беру, көмектесу, тыңдай білу сияқты әрекеттердің сыйластықтың нақты көрінісі екенін түсінеді.
Топтық тапсырмалар
Бүгінгі ой-пікірлерді қаншалықты түсінгендеріңді байқау үшін екі топқа тапсырма беріледі.
1-топ: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңліңе) немесе ініңе арнап ақыл-кеңес хат жаз.
2-топ: «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің саған жиі айтатын ақылдарын жаз.
Түсіндіру сұрақтары
1-топ: «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?
2-топ: «Кішіге ізет» дегенді қалай түсінесіңдер?
Жүректен — жүрекке
Қолымызға кішкентай жүрекшелерді ұстап, төмендегі өлең жолдарын бірге айтамыз.
Құрметтеп ата-анамды, Ардақтап әпке, ағамды, Қамқор боп сіңлі-ініме, Сыйлымын үлкен-кішіге. Бәрін де жақсы көремін, Үнемі көмек беремін. Үлкенді сыйлау — кішілік, Үлгілі мінез — кісілік.
Негізгі ой
Құрмет — сөзден басталып, әрекетпен дәлелденеді.
Күнделікті дағды
Сәлемдесу, тыңдау, жол беру, көмектесу.
Сабақтың қорытындысы
Жылы жүрек, ізгі сөз, пайдалы іс — тәрбиенің тірегі.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында қуанышты көңілмен ән айтып, сабағымызды аяқтаймыз.
Ақпарат
- Мектеп
- Ж. Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі
- Мұғалім
- Абилдаева Айымкүл