Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, оқушылардың назарын сабаққа аудару

Қызылорда облысы · Қазалы ауданы · Әйтеке би кенті

№5 кәсіптік лицейдің арнайы пән оқытушысы: Медетьяров Арман Кашакбаевич

Сабақ тақырыбы: Магнит индукциясы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгелдеу.
  3. Сабаққа дайындығын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
  4. Сыныпты екі қатарға бөліп, әр қатардан топ басшыларын сайлау (бағалау парағын тарату).

II. Үй тапсырмасын сұрау

10 минут

«Миға шабуыл» (сұрақ-жауап)

  1. Кім және қай ғасырда электр тогының магнит өрісін ашты?
  2. Диамагнитті материалдар дегеніміз не?
  3. Парамагнитті материалдар дегеніміз не?
  4. Ферромагнитті материалдар дегеніміз не?
  5. Ферромагнитті материалдар қайда қолданылады?
  6. Магниттің неше түрі бар?
  7. Әрбір магниттің неше полюсі бар?

III. Жаңа сабақ

25 минут

Тәжірибелер көрсеткендей, магнит өрісіндегі өткізгішке оны орнынан жылжытуға ұмтылатын механикалық күш әсер етеді. Бұл күштің пайда болуын төмендегідей түсіндіруге болады:

Егер өткізгіш арқылы электр тогы өтсе, онда өткізгіштің сол жағында магнит өрісінің бағыттары бір-бірімен сәйкес келіп, өрісті күшейтеді. Ал оң жағында өрістер қарама-қарсы бағытталып, жалпы өрісті әлсіретеді. Соның нәтижесінде магнит сызықтары «қысқаруға» ұмтылғандай болып, өткізгішке белгілі бір бағытта күш F әсер етеді.

Тогы бар өткізгішке әсер ететін күш ток күші артқан сайын, өткізгіштің магнит өрісіндегі белсенді (актив) ұзындығы ұлғайған сайын және магнит өрісі күштірек болған сайын өседі. Демек, бұл күш ток күшіне I, өткізгіштің белсенді ұзындығына L және магнит өрісінің интенсивтігін сипаттайтын магнит индукциясына B пропорционал.

Негізгі формула (перпендикуляр орналасқанда)

F = B · I · L

F
күш, Н
I
ток күші, А
L
өткізгіш ұзындығы, м
B
магнит индукциясы, Тл

Бұл өрнек өткізгіш бірқалыпты магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқанда дұрыс қолданылады.

Жалпы жағдай (α бұрышымен орналасқанда)

F = B · I · L · sin α

Мұндағы α — өткізгіш пен магнит сызықтарының арасындағы бұрыш.

Өлшем бірлігі

1 Тл = 1 Вб/м2

Сол қол ережесі

Тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағыты сол қол ережесі бойынша анықталады: сол қолды магнит өрісінде магнит сызықтары алақанға «кіретіндей» етіп орналастырып, төрт саусақты ток бағытымен бағыттаса, бас бармақ өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсетеді.

Анықтама: магнит индукциясы

Магнит өрісі мен тогы бар өткізгіштің өзара әсерлесуі көптеген электр машиналары мен өлшеу приборларының жұмыс принципінің негізі болып табылады. Формуладан магнит индукциясын былай өрнектеуге болады:

B = F / (I · L)

Демек, магнит индукциясы B — магнит өрісіне орналастырылған тогы бар өткізгішке магнит өрісінің түсіретін күші арқылы анықталатын шама.

IV. Жаңа сабақты бекіту

5 минут

1) Есеп шығару

Магнит индукциясы B = 1,5 Тл, өткізгіштің жұмыстық ұзындығы L = 0,4 м, ал ток күші I = 50 А. Магнит өрісі өткізгішке қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.

2) Анаграмма

Сөздерді дұрыс құрастырып, артық терминді анықтаңдар.

  • Индукция ияцкудин
  • Магнит тингам
  • Өткізгіш гішөтзік
  • Циркуль лукриць
  • Тесла сетал
  • Ампер пемар
  • Ток кот

V. Бағалау

Сабақты ұйымдастыру кезеңінде әр топ басшысына бағалау парағы беріледі. Сол парақ бойынша оқушылардың жиынтық бағасы шығарылып, тақырыпты меңгеру деңгейі қорытындыланады.

VI. Үй тапсырмасы

Оқу

§37 «Магнит индукциясы», 87–90-беттер.

Есеп

Егер тогы бар өткізгішке 6 Н күш әсер етсе, магнит өрісінің магнит индукциясы қандай? Өткізгіштің жұмыстық ұзындығы 0,5 м, ток күші 30 А.